PR-дағы блогтардың орны және Social Media
5 жыл бұрын Global PR Blog Week 1,0. атты тарихи онлайн-шара өткізілген еді. Оның қатысушысы Bastien Beaucamp 5 жылдан кейін сараптама жасап, PR-дың қаншалықты өзгергенін көрсетеді.
|
БҰРЫН (2004) | ҚАЗІР (2009) |
| PR және БАҚ блогтардан алшақ болуға тырысады. | PR және БАҚ блогтарды кең қолданады. |
| Блогтар – медианың альтернативасы. | Блогтар – БАҚ. |
| Бастыққа блог деген не екенін түсіндіру керек. | Бастықтың әлеуметтік желілерде өз профилі бар. |
| Блогтарды БАҚ-қа материал жеткізу үшін жүргізеді. | Адамдар блогты өздері үшін жүргізеді. |
| Тұтынушылар мен кіші бизнес дәстүрлі медианы пайдалануға шектеу қойды. | YouTube, Twitter, Blogs сияқты сервистер арқылы дәстүрлі медиалар қолжетімді болды. |
| Тым көп блог. | Гугл – блогтың өзі. |
| Дәстүрлі медиаға деген сенімділік. | Әріптестерге деген сенімділік. |
| PR мақсаты – жолдау жасау. | PR мақсаты – “ашық жолдау” және максималды, жан-жақты қарым-қатынас. |
| Блогтар дәстүрлі жаңалықтық циклды екінші циклға айналдырады. | Әлеуметтік медиа (блогтар, әлеуметтік жүйелер) дәстүрлі медиалар мен блогтардан бұрынырақ қосымша жаңалықтық циклды жасайды. |
| Қолданушылар вебсайтқа контент алу үшін барады. | Қолданушылар өзінің әлеуметтік желілерінен (Facebook, Twitter) шықпайды, контент өзі-ақ жеткізілетін болды. |
| Қолданушылар контентке бағытталған. | Контент қолданушыларға бағытталған. |
| Блогшылар Spin-нен (қымбат тауарлар мен қызметтер сатудағы эффективті технология. Оны “үлкен сауда” деп те айтады) қорқады, PR-агенттіктердің жұмысы «тұнық» емес. | Блогшылар Spin-нен (қымбат тауарлар мен қызметтер сатудағы эффективті технология. Оны “үлкен сауда” деп те атайды) қорқады, PR-агенттіктердің жұмысы «тұнық» емес. |
| Spin-ді өзгерту деген үмітте. | Азғантай “алғабасулар” байқалды. |
| Блогтар – топтасқан жазбалар. | Social Media – топтасқан жазбалар. |
| PR-бағасының қажеттілігі. | PR-бағасының қажеттілігі. |
| Dial-up әлі қолданыста. | Интернетке мобильді телефон арқылы кіру. |
| Блогингте нәзік жандылардың пайызы төмен. | Нәзік жандылар блогингте ер адамдардан қалыспайды. |
