Мазмұнға өту
gulnur_kakimzhanova

Гүлнұр Кәкімжанова

@gulnur_kakimzhanova

Сайтта 2012 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

30

пікір

1

тіркелуші

5

жазылымдар

16

Күнгейінен көлеңкесі көп «Агент»…

- Әділет, жүр тамағыңды іш. Таста агентіңді, - деген анамның дауысын естідім. Ас үйге барсам, бәрі жиналып қалыпты. Тек інімнің қолы бос болмай шықты. Қасына барып ұзық тұрдым. Ол болса мені елер емес. Ертеңгі күні тағы анамның ескерту айтып жатқанын естідім. - Әділет, сабағыңды қара. ЕНТ-ңа дайындал. Ертең сені «агент» асырайды ма, әлді интернетің оқытады ма?! – деді анам ашулы үнмен. Інім болса қалжыңға басып: - Бір қызбен танысып отырмын, - деді. Сіңілім де қалыспай: - Қыздар деген көп қой сенде, қайтесің?! Ертең тестіңді дұрыс тапсырмасаң, солар менен таяқ жейтін болады онда, - деп «өтірік» қорқытты. «Заманына қарай адамы» демекші, әр заманның өзіндік талаптары бар екені рас. «Кешегінің» құрдастары бүгінгі күннің ұрпақтарына реніш білдіретін де жөндері бар. Алайда, адамммен қатар зама…

0
0
545

Қайран ерлер болмаса, ел жұрт жетім. Туады ерлер ел

О, Замандас, соларға бір қараңыз, Әр кірпіші, әр тасы бір қара аңыз. Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп, Өшкендерді табатын бір ғана біз. Жұбан Молдағалиев Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп, көріп келген елміз. Біздің қазақ халқы өте төзімді, шыдамды, қайсар, батыр, ер халық деп ойлаймын, себебі тарих беттерін парақтап көрсек, қатігез толқындар біржолата мәңгі жойып жіберетіндей қиын кезең тұсында сан қиналса да, қазақ халқы қабырғасы қайыспай, аман қалыпты. Біздің халықты бүгінгі атқан ақ таңның сәулесін көруге жеткізген қазақтың ер жүрек, батыл ұлдары деп сенемін, себебі бұл тәттілікке келер жол ұзақ әрі қатты болды. Расымен, қазақ кемеңгер халық қой! Алды қатты болғанның арты тәтті болады деп,…

2
3
27259

Табиғат әлемі

Уа, табиғат, құдіретіңнен айналдым, Сәні болдың таусылмайтын ойлардың. Әсемдігің, сұлулығың елжітер Серігіндей күндіз Күннің, түнде Айдың. Өзен - көлдер жылғасымен жарасқан, Сырын айтып бір-біріне қарасқан. Мөлдір көлдің сағым ойнап жүзінде Арайланған аспанда Аймен таласқан. Жұлдыздар да тізіліпті маржандай, Сезім жібі қалай тұрар жалғанбай. Тылсым түнде аспаннан сыр тамғандай, Есі кетіп егіз жүрек жанғандай. Тау мүлгиді, орман терек сақалы, Табиғаттың ерекше бір мақамы. Етегінде еркелеген бұлағы Сырға толы сылдырап тіл қатады. Қарай алмай қайыңдар да мақтанып, Тербеле алмай теректер де бапталып. Сұлулықтың сырын ұқпай пенделік, Шалғындары табанда жатыр тапталып. Ұғар ма табиғаттың нарқын адам, Дей ме екен : «Кереметін тартып алам!» Тамшымын жанарыңда мөлдіреген, Мен де бір жапырағың қалт…

0
0
6539

Замана запыраны немесе ашаршылық ақиқаты.

Қып-қызыл қантөгіспен келген Кеңес өкіметінен біздің қазақтың көрмеген құқайы бар ма? Небір зорлық-зомбылықтың бәрін көрді, соған көнді. Әсіресе, Отызыншы жылдардағы ашаршылықты қалай ұмытамыз? Үш миллионнан астам бәйкүнә қазақты жасанды жауыздықпен жою – ұлтымызға көрсетілген геноцид. Қой екеш қой да кеңірдегіне пышақ тигенде тұяқ серппей ме? Жанға бататыны - содан бері қаншама жылдар өткенімен ашаршылықтың ақиқаты ашылмай отыр. Тәуелсіздікке табаны күректей жиырма жыл толды. Жиырма жылда аштықтан қырылған қазақтың нақты саны мен тарихи деректі құжаттарды жарыққа шығарып, аштықты кеңес өкіметі қазақ жері мен оның байлығына иелік ету үшін тұтас бір ұлтты жою жолында қасақана қолдан жасағанын айтып тұрып саяси, бағасын бере алмауымыз. Ал бүгініміз ше?! Көзбен көрмеген соң, әттең, көңілге д…

0
0
852

Ертіске сыр

Ерке Ертіс, мен де сенің тамшыңмын,

Ғұмыр қысқа, сабындай ғана қамшының.

Табынып саған қарап тұрмын тамсана,

Адасып жүрген оғынан сақта аңшының.


Ерке Ертіс, төгілді саған бар сырым,

Сенде қанша қазына жатыр жасырын.

Өзіңменен бөлісем деп ойымды

Жайлап басып жағаңа келдім ақырын.


Өзіңменен ақын тағдыр табысты,

Толқындарың ойларыммен қабысты.

Ағыстарың алға қарай ұмтылған

Зымыраған уақытпенен жарысты.


Ақын қыз ем, арман қуған ақмаңдай,

Тағдырымызда бір ұқсастық жатқандай.

Өр Алтайдан бастау алған бұлақ ең

«Мұхит» деген өмірден тұрақ тапқандай.


Осылайша мен өзіңмен сырластым,

Сен мәңгілік, ал мен мәңгі тұрмаспын.

Балалықтың базарынан аттанған

Жағаңдағы өрімталмен құрдаспын.

Гүлнұр Қуанышбекқызы

1
0
644