Мазмұнға өту
finpol

Финансовая полиция

@finpol

Сайтта 2010 ж. 29 шілдеКазахстан, Астана

Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция)

рейтинг

100

жазбалар

326

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

0

Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді

2013 жылғы 11 қыркүйекте сағат 15.00-де Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді. Рәсімге Туркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Тузель Омер Бурхан, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) вице-президенті Мехмет Тюрея Эр, Қауіпсіздік бойынша Түркия Республикасының елшісінің кеңесшісі Ирфан Озджан, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) Қазақстандағы өкілі Эврен Рутбиль, «CIHAN» Ақпараттық агенттігінің директоры Доган Йылдыз қатысады. Рәсім бағдар…

0
0
470

Қаржы полициясы агенттігінде Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтеді

2013 жылы 10 қыркүйекте сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің (қаржы полициясы) ғимаратында Агенттік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) отырысы болады. Отырыста үш мәселе қарастырылады: «Кірістер мен шығыстарды декларациялау. Заңсыз (негізсіз) баю үшін жауаптылықты енгізу», «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету», «Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджеттік қаражаттарды жымқырумен күресу». Кіріспе сөзбен Қоғамдық кеңестің төрағасы «Нұр Отан» ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша Республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы О.Ә. Әбдікәрімов ашады. Қөғамдық кеңесте «Сандж» зерттеу орталығы»…

0
0
365

Аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты ұрлаған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Теміржол әскери күзетінің лауазымды тұлғалары сотталды

Бірінші сатыдағы сотпен мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айыруға «Теміржол әскери күзеті» АҚ экономика және қаржы бойынша вице-президенті Шыныбеков, «Теміржол әскери күзеті» АҚ Семей филиалының бөлім бастығы Сахариев, есепшілері: Кенжин мен Төрегелдинова сотталды. Аталған филиалдың бас есепшісі Аленова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржы полициясы олардың 2006-2012 жылдар аралығында еңбек төлемі қорын арттыру жолымен кәсіпорынның 236,4 млн.теңгесін ұрлағандығын дәлелдеді. Оған қоса тексеріс нәтижесінде қаржы полициясы органдарымен «Теміржол әскери күзеті» АҚ өзге де аумақтық филиалдарында бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықтады. Олар бойынша қылмыстық істер қозғалып тергелуде. Мәселен, Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті «Теміржол әскери күзеті» АҚ Алмат…

0
0
512

Қаржы полициясы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорнының бұрынғы топ-менеджерін ұстады

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Қаржы полициясы агенттігіндегі жауап беруден кейін «Транстелеком» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылтайшысы болып табылады) бұрынғы бірінші вице-президенті Абдрахманов ұсталды. Қазіргі кезде ол «Қазпочта» АҚ басқарушы директоры – «Корпоративтік сатылым дирекциясы» филиалының директоры болып табылады. Оған 2006 жылы «Транстелеком» АҚ бірінші вице-президенті болған кезінде, өз қызметтік уәкілеттігін теріс пайдаланып, «КТ&Т» ЖШС-мен консорциалдық келісім-шартқа заңсыз қол қойып, мемлекетке 4,1 млрд.теңге залал келтірген деп күдік тағылуда. Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы маманының қорытындысы бойынша «Транстелеком» АҚ мен «KT&T» ЖШС арасындағы келісім-шарт жалған мәміле бойлып табылады. Ол мемлекеттің 4,1 млрд.теңгесінің негізсіз төленуіне әкеліп со…

0
0
277

Қаржы полициясы Су ресурстары комитеті төрағасының бұрыңғы орынбасарын ұстады

2013 жылғы 28 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарын Арман Қумашевты ұстады. Оған Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары бола тұра, Сәтбаев атындағы канал үшін сатып алынып отырған гидрокүштік жабдықтың бағасын көтермелеу жолымен 1,2 млрд.теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдік тағылуда. Бұдан басқа, Құмашев Сәтбаев атындағы каналдың қайта құруға бөлінген 6,6 млрд.теңге бюджет қаражатын ұрлауға оқталды деген күдік бар. Қаржы полициясы органдарының араласуының арқасында аталған бюджет қаражатын ұрлауға жол берілмеді. Оған қоса, Қумашев бюджет қаражатын ұрлауға бағытталған мақсатына жету үшін өз қызметттік уәкілеттігін теріс және асыра пайдаланып, қызметтік жалғандық жасаған деп күд…

0
0
456

Қаржы полициясы 3 млрд.теңге бюджет қаражатын жөнсіз пайдаланудың алдын алды

Қаржы полициясы агенттігінде өткен жылдан бастап мамандырылған Ахуалдық орталық жұмыс жасауда. Ол мемлекеттік органдар базаларының мәліметтері мен басқа да ашық ақпарат көздеріндегі мағлұмат ресурстарын пайдалану жолымен елдегі қылмыстық жағдайды саралайды. Ахуалдық орталықтың қызметі жұмыс орнынан шықпай, талдау жолымен қылмыстарды бастапқы кезеңдерде анықтап, олардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Ахуалдық орталықтың сарапшылары бағалары асырылған сатып алуларды анықтау және уақытылы әшкерелеу мақсатында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алулар жоспарларына күн сайынғы режимде мониторинг жасайды. Осылайша қаржы полициясы жылдың басынан бері 3 млрд.теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудан сақтап қалды. Мысалы, осы айда Ақмола облысының аудандарының бірінің ау…

0
0
285

Қаржы полициясы Ақмола облысы бойынша Сот актілерін орындау департаментінің жетекшісін қамауға алды

Ағымдағы жылғы 14 тамызда Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Ақмола облысы бойынша Сот актілерін орындау департаментінің жетекшісі Н. Күзенбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 2013 жылғы мамыр-шілде аралығында «Би-Логистикс» АҚ Ақмола филиалының есеп-шотына тәркіленген автокөліктің жалған тасымалдауына ақша аударып, қолма-қол ақшаны қайтару жолымен 100 мың теңге бюджеттік қаражатты ұрлаған деп айыпталуда. 2013 жылғы 17 тамызда Күзенбаевқа қатысты жеке кәсіпкердің мүлкіне салынған тиымды заңсыз алып тастау үшін 1 мың АҚШ долларын пара ретінде алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі күні Күзенбаев сот санкциясымен Көкшетау қаласы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды алынды. Сол күні прокуратура санкциясымен Күзенбаев өз қызметінен…

0
0
331

Қаржы полициясы агенттігінде ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы тұру бойынша брифинг өткізілді

Ағымдағы жылғы 7 тамызда Қаржы полициясы агенттігінде ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы тұру бойынша  қаржы полициясы органдары жұмысының нәтижелеріне арналған брифинг өткізілді.

ҚР ЭСЖКА (қаржы полициясының) ресми өкілі М.Жұманбайдың брифингте сөйлеген сөзінің мәтінін келесі сілтеме бойынша оқыңыз:

http://finpol.gov.kz/kaz/info/vist/?cid=0&rid=9389

0
0
409

Қаржы полициясы қылмыстық активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмыс жүргізуде

Қаржы полициясы органдары қылмыстық жолмен табылған және Қазақстаннан шетелдерге шығарылған активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмысты жүргізуде. Мәселен, Храпуновтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Қаржы полицясы агенттігі Швейцар конфедерациясының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жіберді. Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмада көрсетілген құжаттар мен дәйектер Швейцарияның уәкілетті органдарымен сараланып, нәтижесінде Храпуновтарға қатысты Швейцар конфедерациясының аумағында қылмыстық жолмен табылған капиталды заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық қудалау басталды. Қазіргі кезде Швейцарияның құзыретті органдары Храпуновтар жанұясының акивтеріне олардың заңдылығын анықтағанға дейін т…

0
0
258

Қаржы полициясы аса ірі көлемде пара алғаны үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президентін қамауға алды

2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстады.Оған жалпы құны 15 млрд.теңгеден асатын Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс жұмыстарын сатып алу конкурсында «Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС мүдделеріне әрекет етіп, сол үшін аталған кәсіпорынның басқарма төрағасы Т.Егенбаевтан сенімді адамы – Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары және 75 млн. 300 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. «Құлагер» ҚК» ЖШС-нің басқарма төрағасы Т.Егенбаев және «Сұңқар Күзет» ЖШС директора Асылбеков те ұсталды.Егенбаев аса ірі көлемде пара берді деп, ал Асылбеков пара алуға көмектесті деп айыпталуда…

0
0
236