Қаржы полициясы бұрынғы судьяны қамауға алды
Ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте Алматы облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Талдықорған қалалық сотының бұрынғы судьясы А.Нұрбосыновқа қатысты ірі көлемде пара алуға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ол 2013 жылғы мамыра, Талдықорған қалалық сотының судьясы бола тұра, Г. деген азаматшадан азаматтық іс бойынша оның пайдасына шешім шығару үшін 3 млн.теңге көлемінде пара алуға оқталды деп айыпталуда.
2013 жылғы 19 қыркүйекте Нұрбосынов ұсталды, 21 қыркүйекте ол сот санкциясымен қамауға алынды.
Бұдан бұрын, 21 қыркүйекте ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты судья лауазымынан босатылған болатын.
Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.
