Мазмұнға өту
ernarito

Yernar Seitachmet

@ernarito

Сайтта 2012 ж. 7 қыркүйекКазахстан, Павлодар

Қызықты оқиғалар. Мазалған сұрақтар. Қазақтың кинолары. Әлемнің кітаптары. Өлеңдер мен видеолар. Сапаралардан естеліктер.

рейтинг

99

жазбалар

57

пікірлер

98

тіркелуші

17

жазылымдар

33

#Zhascamp2015-айтылған үздік ойлар. Бұны әрбір азамат білуі тиіс!

Шыны керек, Кэмп өз саласындағы үздіктер қатарында баланатын эксперттерді жинады. Зәуреш Батталова, Джохар Утебеков, Максим Сиваков, Марат Жыланбаев, Мейрам Бегентаев сынды қазақстандық азаматтар өз ойларын ортаға салып, өмірлік жолдары жайлы сыр шертті. Қоғам жанашырларының кейбіреуімен жекелей сұхбаттасуға мүмкін болды, алайда, уақыт тапшылығынан барлығымен кездесіп үлгерген жоқпын. Назарларыңызға - #Zhascamp2015-айтылған үздік ойларды ұсынамыз: 1. Зәуреш Батталова - азаматтардың міндеті жайында "Сіздер, азаматтық қоғам мүшелері ретінде мемлекет тарапынан экономика, саяси, мәдени салаларда қабылданған заңдардың толық көлемде атқарылуын бақылауларыңыз керек. Сіздердің қатысуыңызға мемлекет бөгет болу, қарсы болуға құқылы емес". 2. Максим Сиваков - адамның ойы жайында. "Мемлекет БАҚ арқыл…

2
0
496

#Zhascamp2015 — Фоторепортаж. Алғашқы сағаттар.

ЖасКэмп - елімізде "бейресми" атанған ең үлкен конференция осы жылы 6-рет өткізілуде. Осы жылғы ерекшелігі - 3 қалада өтіп жатыр. Үш аптада үш қала. Өткен аптада Шымкентте болса, бүгін Астана қаласында өтіп жатыр. Алғашқы сағаттарынан Кэмптің қалай өткенінен фоторепортажды қабыл алыңыз. Қонақтарды волонтерлер қызықты ойындармен қарсы алды. Суретке түсуге де үлгердік. Астанаға солтүстік шығыс аймақтан 200-ден аса қатысушы келді. Ең үлкен делегация - 11 адамнан тұрады. Павлодар қаласының Инновациялық Еуразия Университетінің мүшелері. Ашылу салтанатына форумның өтуіне қолдау көрсеткен ұйымдардың №1 тұлғалары қатысты. Астанадағы ЕҚЫҰ елшісі Наталья Зарудна, "Ұлттық волонтерлік желі" төрайымы Вера Ким және Қазақстан Жастары ақпараттық қызметінің жетекшісі Ирина Медникова. Алғашқы диалогтік ала…

1
1
720

Құрлық әскери институна түсе алмай қалғаным жайлы

Мінекейін, 3 жыл өтті менің оқу бітіргеніме. Осыдан 3 жыл бұрын мектеп бітіріп Алматыға әскери институтқа түсуге кеттік. Керекуден 30 жуық адам. 3 жұма ыстығына төздік, шаңын жұттық, таңертер тұрып 3 км жүгірдік, кешке тағы да сонша. Аймағымыздан барған жігіттер орысшалау келген болатын, солардың оңтүстік балаларымен қырқысуында араша болдық. Бір күні біздің "недовзодқа" үш капитан келді "Сабақты жақсы оқитындарын бар ма?!". Өзімді сондаймын деп ойлайтынмын. Орнымнан тұрып "менмін" дедім. -Ертең сағат 8-де штабтың алдында болатын болсын. Ешкім қарсылық айтпады. Сөйтіп таңертен келдік. Жанымда бір жігіт бар, Петропавлдан. Шай мен сүт те бермеді, арғы жақтағы каморкаға апарып тықты. Бір кезде майор келді, майор болғанда үлкен мәселелерді шешетін адам. Қалтасынан ҰБТ-дің кітапшасын алып шықт…

0
0
917

Пікірсайыс жайлы ой #1

Бүгінде Орта Азя аумағындағы ең көлемді әрі шынайы ниетпен еңбек етіп келе жатқан қозғалыстардың бірі – қазақ пікірсайысы. Шешендік өнерді сүйген қыз-жігіттердің саны бүгінде үш мыңның маңйына жетті, қазақ тілді пікірсайысшылардың саны. Қыркүйек пен мамыр аралығында елуге тарта түрнир өтеді. Бұл, қалалық турнирлерді санамағанда. Әсіресе, Астана, Алматы, Қызылорда мен Семей қалалары қазақ пікірсайысының орталықтары саналады. Солтүстік пен Батыс аймақта енді-енді дамып келе жатыр. Пікірсайыстың қазақ лигасы орыс және ағылшын лигаларынан қарағанда елімізде саны жағынан әлдеқайда алда. Ал сапасы жағынан ше?! Негізінен, пікірсайыста футбол немесе волейболда секілді жалпы ережелер қай лигада болмасын жоқ деп айтқанымыз жөн. Әлем чемпионатына қатысқан «ойшылдардың» айтқанына сүйеніп осылай айтам…

3
0
1063