Мазмұнға өту
elimai

ел. кз

@elimai

Сайтта 2012 ж. 12 қарашаКазахстан, Астана

El.kz это молодежный интернет-проект, направленный на развитие культуры, спорта, науки и истории Казахстана. Наш проект объединяет самых талантливых и интересных молодых людей. Это 190 тысяч соавторов социальной сети и блог-платформы, благодаря которым El.kz продолжает расти и создавать уникальный материал о Казахстане, казахстанцах, родном языке, великой культуре и традициях нашего народа.

рейтинг

100

жазбалар

1 615

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

16

Серікбол Қондыбайдың зерттеулеріндегі ұлттық мұралар

Қызылордада С.Қондыбайдың зерттеу еңбектеріне арналған ғылыми конференция өтті Бүгін Қызылордада «Серікбол Қондыбай зерттеулеріндегі ұлттық рухани мұраларды жаңаша пайымдау мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өтті. Оған облыс әкімі Қ.Көшербаев, С.Қондыбайдың еңбегін зерттеуші ғалымдар қатысты. Серікбол Қондыбай бар болғаны 36 жыл өмір сүрсе де қазақ халқының тарихи санасын қалыптастыруда биік мақсат, ұлттық мүдде тұрғысынан қыруар жұмыс тындырған азамат. Сондықтан да, оның ғылымға, мәдени тарихымызға қосқан зерттеулері жоғары бағаға ие. Айрықша айта кетерлігі, Серікбол Қондыбай өзіне дейінгі ғалымдардың тісі бата қоймаған осы қиын да күрделі, терең де ауқымды мәселеге тайсалмай қалам тартты. Жас ғалымның қазақ мифологиясының табиғатын ашу мақсатында оны тілдің…

0
0
1445

Дала гүлдері – табиғат сұлулары

ПЕТУНИЯ – АШУ-ЫЗА ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ. Петуния (шырайгүл, лат. Petunia) – биіктігі 10 см-ден 1 метрге жуықтайтын көпжылдық өсімдіктердің бірі. Петуния атауы португал тілінен аударғанда «темекі, шылым» дегенді білдіреді. Оңтүстік Американың тропикалық аймақтарынан тарқаған шырайгүлдің табиғи түрлері Бразилия, Боливия, Аргентине және Уругвайда өседі. Бағбандардың өмірінде петуния үлкен рөл атқарады. Қазақстанда үлкен, түрлі-түсті әдемі гүлшанағы бар шырайгүлді қала көшелерін, саябақтарды, үйдің ауласы мен қылтималарды безендіру мақсатында отырғызады. АСТРА – МАХАББАТТЫҢ БЕЛГІСІ, ӨТКЕН КҮНДІ ЕСКЕ АЛУ ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ. Астра – әдемі гүлшанақтары бар, сәндік мақсатта өсірілетін дала гүлі. Шамамен 200-ден 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда астраның ақ, қызыл, көкшіл түрлері өс…

0
0
5079

Интернет-проект El.kz проводит фотоконкурс «Армандар орындалған Астана»

Интернет-проект El.kz с 1 июня 2015 года проводит фотоконкурс под названием «Армандар орындалған Астана», посвященный к дню столицы. Источник фото: http://yvision.kz/post/200080 В конкурсе может участвовать все граждане и гости Республики Казахстан. Для участия в конкурсе необходимо отправить фотографии на указанный электронный адрес. ПОЛОЖЕНИЕ КОНКУРСА 1. Общие правила: 1. Фотоконкурс «Армандар орындалған Астана» проводится на республиканском уровне. 2. Организатор конкурса – интернет-проект El.kz 2. Цель и задачи конкурса: 3. Цель конкурса – популяризация уникальных архитектурных сооружений нашей столицы. 4. Задачи конкурса: – Мобилизация жители страны в рамках празднования дня столицы; – Повышение знаний жители Казахстана об истории столицы; – На основе высланных фотографий участников…

0
0
641

Астанадағы селфи жасауға таптырмайтын нысан

Астана күні мерекесіне аз уақыт қалды. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде #ILoveAstana хэштегімен сурет салып жатқандарың қатары өртеңге шыққан шөптей қаптай бастады. Оның себебі неде? Бұл хэштег бойынша сурет жариялаушылар интернет желісінің қазақстандық сегментінде көрініс тапты. Өйткені, Астана қаласында, Хан Шатыр ойын сауық орталығына қарсы бетте "I love Astana" деген архитектуралық нысан пайда болды. Бұл нысан 5 маусым қойылды. Содан бері астаналықтар үшін селфи жасауға ыңғайлы орынға айналды. Бұл Астана қалалық әкімшілігінің бастамасымен жасалған нысан. Әзірге жастардың көңілінен шығып отыр. Күндіз-түні кезекке тұрып селфи жасап жатқандардың, жоғарыда келтірген хэштег бойынша әлеуметтік желілерге салып жатқандардың саны өте көп. "I love Astana" нысанының биіктігі 2,5 метр, ұзын…

0
0
1878

Шарын шатқалының шартарабы

Шарын шатқалы немесе каньоны — Алматы облысы, Райымбек, Еңбек­шіқазақ және Ұйғыр аудандарының аумағындағы Шарын өзенінің аңғарын бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 154 шақырым жерді қамтып жатқан еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі. 2004 жылдың сәуір айынан бастап Шарын ұлттық паркінің қамқорлығына алынған. Миллиондаған жылдар бұрын жел мен су эрозиясының және мұздану дәуіріндегі табиғи құбылыстардың әсер ету ықпалынан қалыптасқан табиғи ескерткіштің құздарының биіктігі шамамен 150 метрден 300 метрге дейін жуықтайды. Құздар табиғи пішіндеріне қарай «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы», «Темірлік» «Сфинкс», «Мыстан кемпір», «Айдаһар», «Тас қапшық» деген атауларға ие болған. Тарихшылар шатқалға ойылып салынған тарихи суреттерге қарап, палеолит дәуірінің белгілерін тап…

0
0
1781

2015 жылғы ҰБТ қорытындысы

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. 2-8 маусым аралығында өткізілген ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 79,4 болды, бұл 2014 жылмен (76,9) салыстырғанда 2,5%-ға жоғары. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Сондай-ақ осы жылы 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар саны 2,4 %-ға өсті, олар 14 420 (17,4 %) болды, 2014 жылы - 13 137 (15%). 50 балдық шекті деңгейлік баллды жинаған түлектер саны 4,5%-ға көбейді, яғни 67 497 оқушы (81,4%), ал 2014 жылы олардың саны 67 357 (76,9%) болды. Ең жоғарғы ұпай 125 баллды - 5 оқушы: Ердосова Гүлназ Жандосқызы (Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі); Мұстафина Риана Еркінқызы (Астана қ. №59 мектеп-лицейі); Самат Сымбат Қуанышқызы (БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының…

0
0
1910

Әбіш Кекілбаев, жазушы: Біз бүгін өз топырағымызда бұрын соңды болмаған оқиғаға тап болып отырмыз

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа әртүрлі жылдары берілген марапаттарының көрмесі ашылды. Алғаш рет Мемлекет басшысының 200-ден аса қоғамдық марапаттары көрермен назарына ұсынылды. Олардың қатарында: «Бірінші халықаралық бейбітшілік сыйлығы», «Инвестициялық Періште», «Жыл адамы» халықаралық сыйлықтары бар. Тату көршілік пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметінің арқасында, Елбасымыз дүниежүзілік қоғамдастық алдында үлкен сый-құрметке бөленіп отыр. Бұның айғағы Қазақстан Республикасы Президентінің әлемнің көптеген мемлекеттердің жоғары мемлекеттік марапаттарымен қатар, халықаралық ұйымдар тарапынан әр кезеңдерде ұсынылған қоғамдық танылудың белгілері. Қоғамдық марапаттар жиынтығы өзінің құрам…

0
0
1550

Қазақ даласын суретке түсірген австралиялық жиһанкез кім?

Қазыналы түбек, қасиетті мекен – Маңғыстау өңіріне жақында ғана австралиялық саяхатшы, фотограф Александр Химушин есімді азамат ат басын тіреп, тарихи ескерткіштерге бай әулиелі өлкенің тылсым табиғатын фотоға түсірген. Ол ең әуелі қазақ даласынан сыр шертетін суреттерін ғаламтордағы фейсбук парақшасына жүктеп, достарымен бөлісіпті. 362 әулие шыққан киелі мекен Маңғыстау өңірінің әсем суреттері менің де назарымды аудартпай қоймады. Жер жаһанды кезіп жүрген саяхатшы Маңғыстаудың қытымыр табиғаты мен өте құрғақ континенттік қатал ауа райын, шөл даласы мен аппақ шатқалдарын, соры мен құмын өте әдемі түсірген. Бір ғана кадрға қарт Каспийдің құшағына енген күллі Маңғыстаудың тыныс-тіршілігі мен өзіндік ерекшелігін, табиғи сұлулығын сыйғыза білген. Батыс халқы пір тұтатыны – Бекет Ата, Шақпақ а…

0
0
1860

Эйнштейннің нашар оқығаны рас па?

Үлгерімі төмен көптеген оқушылар өздерін ақтау мақсатында ұлы физик, атақты салыстырмалылық теориясының авторы, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Эйнштейнге көп жүгінеді. Жалпы қалыптасқан түсінік бойынша ол да нашар оқыған. Алайда бұл қаншалықты рас дерек? Ең дұрысы фактілерге сүйенген дұрыс. Эйнштейннің 1896 жылы 17 жасында Арау мектебінен (Швейцария) алған аттестатына көз салайық (баға 6 балдық жүйемен қойылған). Суреттен көргендеріңіздей, Эйнштейн нақты ғылымдар бойынша, тіпті басқа да пәндер бойыншажақсы бағаға қол жеткізген. Ең жоғары ұпайды ол тарих, алгебра, тригонометрия, геометрия және физикадан алған. Өзге пәндер бойынша бағалар шамалы төмендеу. Ең төмен алған бағасы – 3 – француз тілі пәнінен. Дегенмен, осыған қарамастан 1923 жылы Иерусалимге сапары барысында ғалым француз ті…

0
0
1105

«Педагогикалық вернисаж» көрмесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде қолөнер туындыларының көрмесі өтуде. Бас шаһарға Шымкент қаласынан келген Балалар көркемсурет мектебінің педагогтары ұлттық өнерге негізделген қолөнер туындыларын жұрт назарына ұсынды. ЮНЕСКО клубымен бірлесе өткізген шара «Балалық шақтан көзқарас» жобасының аясында ұйымдастырылған. «Педагогикалық вернисаж» деп атауы айтып тұрғандай, көрмеде ЮНЕСКО клубы - балалар көркемсурет мектебі, Шымкент қаласы жалпы білім беру мектептерінің және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының туындылары мен тәрбиеленушілерінің жұмыстары көрсетілді. Шымкент қаласы көркемсурет мектебінің іргетасы 1967 жылы қаланған. Жарты ғасырға жуық тарихы бар мектеп көптеген жас таланттардың жолын ашты. Бүгінгі көрмеге тек қана педагог мамандар мен оқушылардың еңбект…

0
0
2298