Абылай ханның бас батыры – Шанышқылы!
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі мерекесіне орай Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Сәуле ауылында мерекелік іс шара өтті. Бұл шара Жоңғар шапқыншылығы, одан кейінгі замандарда елін, жерін қорғаған Абылай ханның бас батырларының бірі Шанышқылы Бердіқожа батыр және оның серіктерінің жорық жолдары тақырыбында өтті. Шараға Бердіқожа батырдың өмірін, жорық жолдарын зерттеп «Шанышқылы Бердіқожа батыр» атты кітап жазған батырдың тікелей ұрпағы академик Б. Қасымбеков, академик С. Негимов, шанышқылға жиені Көшетаулық Мұрат қажы Ыдырысұлы, Сәуле ауылында тұратын Шанышқылы ұрпақтары және ауыл тұрғындары қатысты. Ұлы жүздің он ру өз ара туыс болып келсе , соның бірі Қаңлы мен Шанышқылы. Тарихта Қаңлы мен Шанышқылы қосарлана айтылып, жазылып жүргенін көптеп кездестіреміз. Осы екі ру көнеден бері…
