Головкин америкалық боксшының арандатуына жол бермеді
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин өзіне қарсы айтылған сөзге үн қатты. WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлемнің суперчемпионы Андре Уордқа шаршы алаңда емес, әзірге сөзбен жауап берді. Американдық боксшы енді бұған не дер екен?! Андре Уорд (27-0, 14 КО) не айтты дегенге келсек. Ол Геннадий Головкиннің (33-0, 30 КО) командасы алдымен атағы жер жаратын бір боксшыны шаршы алаңға шақырады да, соңынан сылтау іздеп шығады деген сыңайда айтқан. Естеріңізде болса, Геннадий Головкиннің проумоутері Том Леффлер американдық боксшымен кездесуге әлі ертерек деген пікір айтқан еді. «Головкин мен Уордтың кездесуі туралы айтуға әлі ерте. Бұл кездесуді дәл қазір өткізсе, қаржылық жағынан үлкен пайда әкелмейді. Уақыты к…