Қара дақ – қасірет таңбасы
Қошағаш тарихы — қазақ тарихының зерттелмей, ескерусіз, елеусіз жатқан бөлігі. «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы» деп аталған бұл туындыға көркем өлке Алтайдың қойын-қонышынан ырзығын теріп, қоныс еткен Найман ұлысы, алты Қаратай елінің берідегі, талайлы тағдырына арқау болған. Кітаптың атауында айтылғандай, тұтас қазақ елінің тарихының бір бөлшегіндей Алтай өлкесіндегі Қошағаш қазақтарының әр кезеңдегі өмірлері, шаруашылық жайы мен тұрмыс қалпы баяндалады. «Қиыр қонып, шет жайлап», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Жылаған жылдар шежіресі», «Нәубет құрбандары», «Өткен күнде белгі бар» деген тараулардан тұратын кітаптың құндылығы сонда, ұрпақ жадына ұлт тарихынан мол мағлұмат беріп, жүріп өткен жолымыздың қандай қасіретті, қандай ауыр болғанын сөзсіз меңзейді. Сондықтан ел тарихының кемшін тұсын…