Мазмұнға өту
ehistory

История Казахстана

@ehistory

Сайтта 2014 ж. 1 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

321

пікірлер

10

тіркелуші

52

жазылымдар

0

А. Қашқымбаев: І. Есенберлин халқы мойындаған жазушы

10 қаңтар күні көрнекті жазушы, инженер Ілияс Есенберлинге 100 жыл толды. Даңқты жазушының мерейтойына орай, Есенберлинтануға ден қойып, оның өмірін зерттеп жүрген, т.ғ.к., доцент Амангелді Қашқымбаевпен сұхбаттасқан болатынбыз. — Бір сөзіңізде І. Есенберлин өмірі әлі зерттелмеген тақырып деген екенсіз. Жазушы өмірін зерттеуге не түрткі болды? — Қызық сұрақ. Мен жазушы өмірін зерттеу жайлы 90-шы жылдардың басында-ақ ойлана бастадым. 1993 жылы, Ақмолаға жұмысқа ауысып келдім. Сол жылы бір қызық оқиға болды. Ақмоладағы Қазақ драма театрының директоры Жақып Омаров, ағамыз, Шәмшіге арналған спектакль қоямыз деп Оразбек Бодықов деген драматургты шақырды. Сол үшеуміз әңгімелесіп отырғанда, Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасына басқаша көзқараспен қарасақ деген ой тастадым. Жақаң тұрды да: «неге…

1
0
2465

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

Әбілхан Қастеев. Таныс есім емес пе? Қазақ сурет өнерінің негізін салған, атақты суретші. Биыл 110 жылдық мерейтойы болып өтті. Жиырма екі жасына дейін бай есігінде жалшы болып, кейін Түркісіб теміржолында қара жұмыс істеп, Н.Хлудов пен И.Бродскиден тәлім алған тума талант. Жүз жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Алда-жалда Алматы қаласына жолыңыз түсе қалса, «Қазақстан» қонақ үйінің артындағы Бекқожин көшесіндегі суретші ғұмыр кешкен үй, бүгінде музей-үй болып отырған шағын ғана мекемеге соға кетуге кеңес береміз. Ол үйде қазақ көркемсурет өнерінің іргесін қалап, талай тарихи тұлғаларымыз бен жадымызда жаңғырып қалған оқиғаларды кенеп бетіне түсірген суретшінің өмірінің соңғы жылдары өткен. Ал, Әбілхан Қастеевтің өмір жолына үңілсек ол 1904 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент өңірінде д…

1
0
4385

Асық ату

Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Асық атудың жарысы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығымен бекітілген «Асық ойынының ережесі» бойынша өткізіледі. Асық Асық — төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан б…

1
0
3141

Тығырықтан жол тапқан (эксклюзивті суреттер)

4 желтоқсан күні «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының жалғасы «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің тұсаукесері болады. Түсірілім барысынан түсірілген эксклюзивті суреттерді оқырман назарына ұсынамыз. Жаңа туындыда Елбасының 1971 — 1977 жылдары аралығындағы өмірінің кезеңдері бейнеленген. Ауыр жағдайға ұшыраған Қазақстан металлургиясының жай-күйін көтеруге ұмтылып, үлкен саясатқа қадам басқан Н.Ә. Назарбаевтың сол кездегі қызметі мен ішкі толғаныстары бейнеленген кино туынды кезекті рет көрермендерін қуантпақ. Түсірілім 2014 жылдың ақпан айында басталған. 1976 жылы Н.Ә. Назарбаевтың «Правда» газетінде мақаласы жарық көріп, М. А. Сусловпен кездескендіктен Мәскеуде-де түсірілім жұмыстары жүргізілген. Сондай, ақ түсірілім барысына отандық кино актерлармен қатар Ресейлік танымал жұлдыздар қатысты. Ата…

1
0
1657

Ұлытау тарих — куәгері. Жошы хан күмбезі

Қазақ тарихын оқығандардың ішінде Жошы ханды білмейтіні жоқ шығар. Әлемді тітіреткен Шыңғыс ханның төрт ұлының үлкені, «Ақсақ құлан» күйінің дүниеге келуіне түрткі болған тұлға… Шыңғыс хан ұлдарына билеуге жер бөліп бергенде, Қазақ даласында билік құрған. Моңғол билеушілерінің ішінде жергілікті халықтың тілі мен мәдениетіне оң көзқараспен қарап, қол астындағыларға деген жақсы қарым-қатынасымен ерекшеленген. ХІІІ ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысы Әбу Омар Минхадж ад-Дин Осман ибн Сирадж ад-дин әл-Жузжани 1260 жылы жазылған «Табанат-и-Насири» тарихнамасында: «Жошы қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша, ол Хорезмде моңғолдарға қандай да бір қыпшақ баласының маңдайынан шерткізбейді» деп жазып кеткен. Қазақ хандарының түп атасы. Қайтыс болғанда денесі Ұлытау жерінде тыныс тапқан. Бүгін біз т…

1
0
2870

Поселение Шағалалы – памятник древних металлургов

Сергазы Кайырбекович, расскажите, пожалуйста, о древнем поселении Шағалалы? — Этот памятник древних металлургов мы назвали поселение Шағалалы. Оно находится в Зерендинском районе Акмолинской области вблизи села Кенаткель. Как правило, археологи дают название памятнику по названию ближайшего села или реки. В данном случае поселение находится на правом берегу реки Шағалалы. Впервые этот памятник был открыт еще Кималем Акишевым в 1954 году. Тогда науке он стал известен как Павловка. Потому что в трех километрах от этого древнего поселения располагалось село Павловка. Сегодня от этой деревни ничего не осталось, поэтому памятник мы переименовали. Кималь Акишев провел первичное исследование памятника. По находкам ему удалось датировать поселение — он отнес время его существования к бронзовому в…

1
0
1736

Ұлытау – тарих куәгері. Домбауыл кесенесі

Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 58 шақырым қашықтықта, Қаракеңгір өзенінің оң жағасындағы Домбауыл кесенесі ғалымдар пікірінше Орталық Қазақстандағы ең көне құрылыс болып саналады. «Домбауыл, Қосүйтас, Қарадың, Жанай, басқа бір кешендер — бір үлгідегі архитектуралық белгілер. Мұның бәрі-де — Орта Азияға Ислам діні тарағанға дейін VI-ІХ ғасырлар аралығында тұрғызылған ескерткіштер». Әлкей Марғұлан Ұлытау ауданы Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 58 шақырым қашықтықта, Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан Домбауыл кесенесі ғалымдардың пікірінше Орталық Қазақстандағы ең көне құрылыстардың бірі болып саналады. Кесененің сыртқы көрінісі Домбауыл кесенесі ғұндар билеген кезде салынған болып есептеледі. Аңыз бойынша бұл кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауыл құрметі…

1
0
3257

Ұлытау— тарих куәгері. Теректі Әулие петроглифтері

Ұлытау өңірінен жасалатын келесі эксклюзивті фоторепортажымыз Теректі Әулие петроглифтеріне арналады. Орталық Қазақстандағы тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші. Теректі әулие — Жезқазған қаласынан 85 шақырым жерде, Теректі станциясынан солтүстік-шығыста 20 шақырым жерде орналасқан. Теректі әулие — тарихи өткеннің өзіндік ерекшелігі бар ескерткіш. Мұнда ежелгі адамдар өмірінің көптеген аспектілерін (материалдық, рухани, әлеуметтік) қайта елестетуге мүмкіндік беретін, маңызды деректер көзі болып табылатын тасқа қашалған бейнелер орналасқан. Бұл бейнелер аласа ғана қызыл қоңыр бес-алты төбешіктерде қоныс тепкен. XX ғасырдың 40-шы жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі академик Ә.X.Марғұлан осы ескерткішке алғаш назар аударып, қыскаша сипаттама береді. Теректі ә…

1
0
5456

Ұлытау— тарих куәгері. Алаша хан кесенесі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлытау өңірін киелі жер деп атаған болатын. Қазақ тарихының көп беттеріне куәгер болған киелі жер туралы «Қазақстан тарихы» веб-порталы әзірлеген арнайы жоба. Тарихтың куәгері — Ұлытау Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері — Ұлытау. Н.Ә.Назарбаев Биылғы жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлытау жеріндегі сұхбатында осылай деп айтқан болатын. Ол Ұлытау өңірін киелі жер деп атады. Оның айтуынша, барлық заманда жаз кезінде даланың әр түкпіріндегі қазақтар Ұлытауды жайлайтын болған. Осында шаңырақ көтеріп, той тойлаған. «Рулар араласқан. Сондықтан, біздің кең даламызда диалект деген жоқ. Ұлытаудың халық…

2
0
4432