Ерлер есімі – ел есінде
Ар жағынан патша әскері қаптап келе жатты. Солдаттардың алдында үш атты оқшау көзге түсті. Соның бірін Амангелді көздеп атты да оққа ұшырдыБірінші әңгіме«Қазақтың Ленинграды» атанған Торғай даласында халық батыры Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы алдында туған дала көне тарих сырын шерткендей. Кең байтақ өңір сырлы сазға бөленгендей. Батырды көзі көрген көнекөз қариялар сарбаздар айтар еді: «Бұл жұмыр жерде Париж барикадасында көтерілген қызыл ту, Аврора крейсерінде көтерілген Қызыл ту, одан кейін Торғай даласында Аманкелді Имановтың сарбаздары көтерген Қызыл туды адамзат тарихы ешуақытта ұмытпас» деп. Бүгінгі бақытты өмір мен нұрлы болашақ жолында толарсақтан саз кешіп қу толағай жастанған ерлер есімі Торғай аспанында мәңгілік шырағдандай маздайды. Ол есімдер…