Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Маңғыстау облысында бекіре өсіретін ферма ашылды

khabar.kz Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында бекіре балығын өсіретін ферма іске қосылды. Еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасына енген жобаны жеке кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырып отыр. Жылына 60 тоннадай бағалы балық еті мен 8 тонна қара уылдырық алу көзделуде. Айта кетейік, Каспий жағалауы болғанымен, аймақта бекіре балықтарын өсіретін кәсіпорын алғаш рет ашылып отыр. Ресей мен Атыраудағы бекіре зауытынан әкелінген 3,5 мыңдай шабақ арнайы жасалған аквариумдарға жіберілді. Олардың тез дамып, мол өнім беруі үшін барлық жағдай жасалған. Кәсіпорын озық үлгідегі құралдармен жабдықталған. Мұнда бекіре тұқымдас балықтың бірнеше түрі өсірілмек. Гүлмира Әбішева, Тілші: - Қазір ғана суға жіберілген бекіре балықтарының шабақтары тәулігі…

0
0
1008

Балық аулаушылығының болашағы тауарлы балық шаруашылығын дамытуда

2014 жылдың 4–5 шілдесінде Астанада «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары мен ведомствоға бағынысты кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері үшін «Биоалуандықты сақтау және аквакультураны дамыту» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді. Іс-шара биоалуандықты сақтау, тауарлы балық шаруашылығын және аквакультураны дамыту саласындағы әлеуетті арттыру мақсатында өткізілді. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасы мен оны іске асыру бойынша 2013–2020 жылдарға арналған жоспарда балық ресурстарын сақтау мен тауарлы балық шаруашылығын дамыту жөніндегі міндеттер қойылған. Оларды орындау мақсатында 2020 жылға дейінгі балық шар…

0
0
471

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 4 шілдесінде Ақтөбе обылысында аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Айтеке би ауданында жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында екі жергілікті тұрғыны отырған УАЗ маркалы автокөлігін тоқтатып, тексерді.Нәтижесінде автокөлік ішінен киіктің жаңа кесілген екі мүйізі, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 83 оқ (ірі бытыра), пышақ, ара және дүрбі табылды.Құрықталған адамдар мен олардан тәркіленген айғақты заттар Айтеке би аудандық ІІБ жеткізіліп, тапсырылды.Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚОСРМ баспасөз  қызыметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/104-100/

0
0
379

Қазақстанда алғаш рет экологиялық дәліз құрылды

Қазақстанда жалпы ауданы 2 миллион гектардан артық «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» экологиялық дәлізі құрылды. Экологиялық дәліз Ырғыз-Торғай және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттар аумақтарын қамтиды (Қостанай облысы). Бұл аумақтар киіктердің бетпақдалалық популяциясының табиғи өрістеу жолдарын қорғау мен төлдеуін қамтамасыз ету мақсатында байланыстырылып отыр. Экологиялық дәлізді құру барысында далалық экожүйелердің, топырақтың, климаттың жағдайы ескеріліп, киіктерді ғарыш серігінен бақылау мәліметтері қолданды. Ғылыми мәліметтер мен картографиялық материалдардың сараптамалары экологиялық дәліздің аумағын анықтап, белгілеуге мүмкіндік берді. Бұл жұмыс Жаһандық экологиялық қордың, БҰҰ Даму бағдарламасының және ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің далалық экожүйелерді сақт…

0
0
460

Астана төңірегіне 100 жел генераторы орнатылады

ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай елорда төңірегіне 100 жел генераторы орнатылатын болады. Бұл жайында бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Орта Азиялық отын энергетика компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов мәлім етті. «Біз қала маңында жалпы қуаты 100 мегаватты құрайтын шамамен 100 жел генераторын орнатқымыз келеді. Бұл да елорда келбетіне өз үлесін қосар еді. Ұшақпен келген жолаушылар бұл жел генераторларын көреді», – деді ол Мемлекет басшысына ЭКСПО қалашығының құрылысымен таныстыру барысында. Оның атап өтуінше, қалашықта Энергияны зерттеу орталығы құрылатын болады. Ол адамның тіршілігін қамтамасыз ететін экологиялық тұрғыда таза үш зауыттың басын біріктіреді. Аумағы 25 гектарды құрайтын ғимараттардың бірінің күмбезі астында қатты қалдықтард…

0
0
337

Елбасы салынып жатқан «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің аумағында болды

Akorda.kz Мемлекет басшысы мұнда «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені құрылысының барысымен танысты. Бірқатар мемлекеттік органдардың, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның, сондай-ақ Sembol, Mabetex, BI-Group, «Базис-А», «САЭМ», Mega Management, Astana Innovation компанияларының басшылары Президентке көрме аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларын таныстырды. Олардың қатарында Астана қаласының жаңа көлік жүйесін қалыптастыру, халықаралық әуежайын дамыту және теміржол вокзалы кешенінің құрылысы секілді жобалар бар. Нұрсұлтан Назарбаев көрмені өткізу Астана қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның дамуындағы маңызды кезең екенін атап өтті. – Бұл – әлемдік ауқымдағы ірі іс-шара. Бүкіл әлемге өз мүмкіндіктерімізді көрсету үшін Сіздерге, мердігерлерге оның дайындығына қатысуға сенім білдірілді. Сіздер өз қабілеттеріңіз…

0
0
380

Елбасы: Назарбаев орталығы ғимараты — энергия үнемдеуді дамыту бағытында маңызды нысан

ҚазАқпарат – Назарбаев орталығы ғимараты энергия үнемдеуді дамыту бағытында маңызды нысан. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебін тыңдау кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Айта кетейік, индустриялдық нысандарды іске қосуға арналған бұл шара Назарбаев орталығы ғимаратында өтіп жатыр. «Осы нысанды мәдени орталық деп санау керек. Ғимараттың сәулеті – еліміздің дәулеті мен әлеуетін, арманы мен таңдауын әйгілеп тұрғанын көріп отырсыздар. Бас қаланың көркін одан әрі қарай аша беретін игілікті халыққа қызмет істейтін үлкен шаңырақ болсын деп тілейміз»,- деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Елбасы бұл нысан Астананың күніне тағы да бір тамаша сыйлық екенін атап өтті. Ғимараттың құрылысында пайдаланылған әйнектерден түс…

0
0
370