Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

2013 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласында экономиканың әр түрлі секторларындағы парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу субъектілері – кәсіпорындар үшін парниктік газдар шығарындылары бойынша есептілік мәселелеріне арналған семинар өтеді. Іс-шара

0
0
314

Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде Қоғамдық кеңес отырысы өтті

2013 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Бектас Мұхамеджанов ҚР ҚОСРМ жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің (Қоғамдық экологиялық кеңестің) кезекті отырысын өткізді.

0
0
381

Экологтар қызметіне талап күшейді

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/12/100-65/ Соңғы жылдары Алматы қаласының аумағында қарқынды түрде салынған түрлі ғимараттар мен тұрғын үйлердің, өндіріс кешендерінің тығыз орналасуы ауа ағысының баяулауына және ластануына әкеліп соқты. Көшелердегі қаптаған автокөліктерден бөлінген зиянды заттар, тұрғын үйлерден, халыққа қызмет көрсететін нысандардан бөлінетін тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Осыны ескерген Алматы қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері табиғатқа, оның ішінде ауаға, суға көп мөлшерде кері әсерін тигізетін өндірістер мен кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік ережелерді қатаң сақтауын талап етуді күнделікті қызметінде берік назарда ұстайды. Қоршаған ортаның сапасын үздіксіз електен өткізіп тұру қажет. Мұның д…

0
0
272

Заңсыз балық аулаумен күрес шаралары жөнінде

2013 жылдың 30 қарашасында  «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қорғау шараларын өткізу барысында мекеменің инспекторлары Каспий теңізі жағалайында заңсыз балық аулау фактісін тіркеді.

Ерекше қорғалатын аумақта қара балықты заңсыз аулаумен айналысқаны үшін облыстағы өндірістік кооперативтерінің бірінің 2 балықшысы ұсталды.

Олардан 529 кг қара балық, 2 дана ау, ілмелі моторы бар теңіз қайығы тәркіленді.

Жинақталған материалдар тиісті шара қолдану үшін Атырау облыстық ІІБ жолданды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

0
0
260

Латвия «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын қолдау жөніндегі Хартияға қосылды

Латвия Республикасы «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын қолдау жөніндегі Хартияға қосылды. Құжатқа Рига қаласында жұмысын 5 желтоқсанда бастаған «Экологиялық таза технологияларды енгізу арқылы «жасыл» экономикаға көшу» атты қазақстандық-латвиялық ынтымақтастық жөніндегі практикалық конференциясының бірінші күнінің қорытындылары бойынша қол қойылды.

Бүгін жалғастырылып, жұмысын 7 желтоқсанда аяқтайтын бұл шараның ұйымдастырылу мақсаты – «жасыл» экономика және бизнесті ілгерілету саласында екі елдің ұйымдары мен компанияларының ынтымақтастығы аясын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру.

0
0
371

Н. Қаппаровтың Ресей Федерациясына қызметтік іссапары өтті

2013 жылдың 2-4 желтоқсан күндері аралығында Мәскеуде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі IV Бүкілресейлік съезд өтті. Съезд жұмысына Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қатысты.

Съезге бірқатар мемлекеттің табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары, бизнестің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері және белсенді азаматтар, барлығы 2000 астам адам қатысты.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев съезд қатысушыларына құттықтау сөздерін жолдады.

Шараны Ресей Федерациясының табиғи ресурстары және экология министрі Сергей Донской ашты.

0
0
291