Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Заңсыз балық аулаумен күрес шаралары жөнінде

2013 жылдың 30 қарашасында  «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қорғау шараларын өткізу барысында мекеменің инспекторлары Каспий теңізі жағалайында заңсыз балық аулау фактісін тіркеді.

Ерекше қорғалатын аумақта қара балықты заңсыз аулаумен айналысқаны үшін облыстағы өндірістік кооперативтерінің бірінің 2 балықшысы ұсталды.

Олардан 529 кг қара балық, 2 дана ау, ілмелі моторы бар теңіз қайығы тәркіленді.

Жинақталған материалдар тиісті шара қолдану үшін Атырау облыстық ІІБ жолданды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

 
0
0
260

Осы тақырып бойынша

Заңсыз балық аулаумен күрес шаралары жөнінде - Yvision.kz