Экология Министрлігі
@ecogovkz
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
рейтинг
100
жазбалар
2 175
пікірлер
0
тіркелуші
8
жазылу
1
2040 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы жылына 12,2 млрд. текше метрді құрайды
Қазақстанда су ресурстарының магистралды және тарату инфрақұрылымдарын басқару бойынша 2 ұлттық компания құрылады
Қазақстан Республикасының Үкіметі Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қолдады
2013 жылғы 23 желтоқсанда «Табиғатты қорғау қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбына өткен семинар-тренингтің нәтижесі жайлы
2040 жылға қарай Қазақстанда су ресурстарына сұраныс 56%-ға жылына 25 млрд куб метрге дейін артады – сарапшылардың бағалауы
Н. Қаппаров министрлер кабинетін су ресурстарын басқару мембағдарламасының жобасымен таныстырады
http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/12/100-87/ Н. Қаппаров Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының жобасымен таныстырады. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. «Ертең Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің дәстүрлі отырысы өтеді. Отырыс барысында 2013 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалық жұмысы жоспарының орындалу барысы талқыланады»,-деді ресми өкіл. Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселе бойынша ҚР Әділет министрі Берік Имашев баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының жобасымен таныстырады.…
Астанада Қазақстан және Тәжікстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтті
http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/12/100-85/ 2013 жылдың 19-20 желтоқсан күндері Астанада Қазақстан және Тәжікстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтті. Отырыс жұмысына үкіметаралық комиссияның мүшелері, сондай-ақ, екі елдің мемлекеттік басқару органдарының өкілдері мен кәсіпкерлері қатысты. Комиссия отырысы Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың төрағалығымен өткізілді. Тәжікстан тарапынан осы елдің инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Комитеттің басшысы Кодири Косим тең төрағалық етті. Отырыс барысында үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысының шешімдерін орындау мәселелері қарастырылып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың…
Заңсыз аңшылыққа қарсы күрес жөнінде
2013 жылдың 16-желтоқсанында Алматы облысы, Балқаш ауданының Балатопар ауылдық округіне қарасты Ақдала ауылына жақын маңында заңсыз аң аулау фактісі тіркелді.
Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияның инспекторлары Балқаш аудандық ІІБ қызметкерлері және «Охотзопром» өндірістік бірлестігінің инспекторларымен бірлесіп жүргізген қасақылыққа қарсы оперативтік іс шараларының барысында Балқаш ауданына қарасты Балатопар ауылының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лэнд Крузер Прадо» автокөлігін тоқтатып тексерді.
Тексеру нәтижесінде көліктен 2 бас қарақұйрық пен 8 бас қоян еттері тәркіленіп, жиналған материалдар негізінде қылмыстық іс қозғалды.
ҚР қоршаған орта және су ресурстары
министрлігінің баспасөз қызметі