Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада Қазақстан және Тәжікстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтті

2013 жылдың 19-20 желтоқсан күндері Астанада Қазақстан және Тәжікстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтті. Отырыс жұмысына үкіметаралық комиссияның мүшелері, сондай-ақ, екі елдің мемлекеттік басқару органдарының өкілдері мен кәсіпкерлері қатысты.

Комиссия отырысы Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың төрағалығымен өткізілді. Тәжікстан тарапынан осы елдің инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Комитеттің басшысы Кодири Косим тең төрағалық етті.

Отырыс барысында үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысының шешімдерін орындау мәселелері қарастырылып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

 
0
0
238

Осы тақырып бойынша

Астанада Қазақстан және Тәжікстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтті - Yvision.kz