Квоталар бойынша биржалық саудалар өсуде
«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына квоталардың биржалық саудасы аса белсенді фазаға көшкенін хабарлайды.
Әділет министрлігінде 2014 жылдың 1 сәуірінде 92/86 нөмірі бойынша тіркелген ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2014жылғы 27 ақпандағы №69-Ө бұйрығымен ҚР Қоршаған орта және су ресурстары Министрінің 11 мамыр 2012 жылғы № 151-п Бұйрығымен бекітілген парниктік газдар шығарындыларына және көміртегі бірліктеріне квоталар саудасы Ережесіне, оның ішінде квоталар бірліктерінің әрекет етуі мен орналастыру мерзімдерін ұзарту бөлігіне өзгертулер енгізді.
Квота бірліктері айналымының мерзімін 2014 жылдың 8 тамызына дейін ұзартуға байланысты кәсіпорындар – табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындылары бойынша сауда операцияларын жүргізеді.
«Каспий» «Сауда Биржасы» АҚ-ның берген ақпараттарына сай барлығы 8 мәміле жасалған. Саудаға 9 компания қатысқан. Биржалық мәміленің жалпы көлемі СО2 134 130 тоннасын құрды, СО2 тоннасына квотаның орта бағасы 374 теңге деңгейінде қалыптасты.
