ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің бірінші отырысы туралы
2014 жылдың 29 шілдесінде Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Кеңес отырысына бірқатар орталық мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Басқосу қатысушылары Кеңестің ағымдағы жылға арналған қызмет жоспары мен кестесін бекітіп, жұмыс топтарының құрамдарын белгіледі. Отырыстың жалғасында жаһандық климаттық өзгеру мен Қазақстанның осы жағдайға бейімделу механизмдеріне қатысты бірқатар мәселе талқыланды. Потсдамдық климаттың әсерін зерттеу институтының профессоры Юрген Кропп (ГФР) осы жаһандық үдерістің Орталық Азия аймағында тудыратын қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер жөнінде баяндама жасады. Ол Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым мен…