Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бекіре – 2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы аяқталды

Жайық - Каспий бассейні су айдындарында ҚР қоршаған орта және су ресурстары, ішкі істер, көлік және коммуникация министірліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп өткізген «Бекіре - 2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы аяқталды.

2014 жылғы 4 маусымында ҚР ҚОСРМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Мұсапарбеков акцияның Үйлестіру штабының қорытынды отырысын өткізді.

Отырыс барысында құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының өкілдерінің жүргізген акцияның нәтижелері қарастырылып, бірлескен күштердің өзара әрекеттеріне баға берілді.

«Бекіре-2014» акциясы барысында 1120 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды, оның ішінде 987 заңсыз балық аулау айғақтары, 17 кемелердің жүзу режимін бұзу оқиғасы, 67 балық ресурстарын заңсыз тасымалдау және 20 балықты заңсыз сату фактілері анықталды.

Әкімшілік жауапкершілікке 899 адам (олардың 120 соттық тәртіпте) тартылды.

140 қылмыстық іс қозғалып, оның 51 сот органдарына жолданды. Істері сотта қаралған 39 адам түрлі жауапкершілікке тартылды.

Балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 5,8 млн. теңге сомасына айыппұл салынды. Балық қорына келтірілген залал мөлшері 6,8 млн. теңгені құрады.

Құқық бұзушылардан 27 тонна балық, оның ішінде бекіре балық түрлерінің 1 тоннасы, сондай-ақ 17,8 кг қара уылдырық, 1200 аулау құралы және 176 жүзу құралдары тәркіленді.

«Бекіре-2014» акциясының барысы республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. 4 брифинг, телеарналар эфирінде 40 бейнесюжет көрсетіліп, басылымдарда 80-нен астам мақала жарияланды.

Акцияға қатысушылар биылғы жылы табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының бұзылу көрсеткіштерінің 2013 жылғы деңгейінен төмендегенін атап өтті.

Бірлескен күштердің браконьерлікке қарсы жүргізген қызметі мен инспекторлардың су айдындарын күн сайын аулардан тазарту жұмыстарының нәтижесінде балық қорғау акциясының сәтті өткізілуіне септігін тигізді.

Балық аулау учаскелерінде жүргізілген бақылаудың күшейтілуінің нәтижесінде бекіре тұқымдас өндіруші балықтары уылдырық шашу орындарына кедергісіз жетті.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-27/

 
0
0
210

Осы тақырып бойынша

«Бекіре – 2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы аяқталды - Yvision.kz