«Бала кезімде мен үшін бәрі қызықты болатын. Әжеммен еріп шіркеуге барғанда онда ілініп турған суреттерді көріп өзіме әртүрлі сұрақтар қоятынмын. «Неге періштелер ақ түсті?», «Неге Иса ақ түсті», «Неге әлемдегі барлық жақсы ақ түсі, ал, жаман нәрсенің барлығы қара түсті?», «Неге сен жаман адам болсаң «қара тізімге» кіресің, тіпті шайтан да қара-қызыл түсті?». Осы ойлар маған маза бермеді. Бұл жерде бір нәрсе дұрыс емес деп білдім. Еуропалықтар бізді алдап дінімізді тартып алды, бізге өздерінің есімдерін берді. Алтын медальды жеңіп алғаннан кейін, ақ түстілерді мойындату үшін, қара түстілер тамақтануға рұхсат жоқ "Downtown" мейрамханасына тамақтануға келдім. Енді кедей емеспін, қолымда алтын медаль, олимпиада чемпионымын деген оймен келіп тапсырыс берейін дегенімде ешнәрсеге қарамастан мен…