Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазынамыздың қадірін біліп жүрміз бе?

Әрбір отбасында ата-әжеміз бар. Ал сол кісілердің  қартайған шағында қадірін біліп жүрміз бе? Басы ауырып, балтыры сыздағанда бір кесе  суға зар қылмай аялай біліп жүрміз бе? Бұл мақаламда қариялар үйі жайында айтқым келеді. Дүниеге алып келіп, жылағанда түн ұйқысын төрт бөлген анасын, басқа балалардан қалып коймасын деп бар қиындықа төзіп асырап-баққан асқар таудай әкесін қартайып көмекке  зәру болғанында  қарттар үйіне апарып тастауды күнә деп сезінбейтіндерде бар. Өзі жұпыны болса да бар жылы-жұмсағын баласының алдына тосып, қанаттыға қақтырмай, тұмысықтыға шоқтырмай, сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма қадалсын деп барын беріп, бесігінің басында талай ұйқысыз түндерін өткізегендігімен қоймай, ер жеткенде көше кезіп кеткен баласын уайымдап есік күзетіп, сүйген жарына қосып жағдайын жасап бейнетімнің зейнетін көретін шақ келді-ау дегенде қарт анасы мен әкесін көздерін жәудіретіп қарттар үйіне апарып тастағанда жұдырықтай жүректері қайғыдан қарс айырылмай өмірлерін әрі қарай қалай жалғастыра береді екен. Ата-анасынан баз кешіп қабырғасы қаңыраған қарттар үйіне тозығы жеткен қара чемоданымен тастап кете беретін қатыгез балаларды көргенде жүрегім ауырады.  Даңғарадай үйінің бір бұрышын туған ата-анасына қимай,тапқан табысына ортақ көретіндер де бар. Қартар үйіне апарып тастауымның себебі бар, анам яки әкем жүйке ауыруына шалдыққан мазамызды алады деп ақталатындарын қайтерсің. Қазақта «Әке-шешең жынды болса байлап бақ»  дейді. Көретін күнінің өзі санауда тұрған қартарымызды, ауырғанда дәрісін алдына тосып,  қартайғанда қақсаған аяғының астында жұмақтың кілті жатқанын ескерсек деймін. Қартар үйінде жатса да, алатын бес-он тиыннының өзін балаларына жіберетіні бар. Баласы үшін бар қиындыққа төзген ата-ана жүрегі кең екен ғой шіркін.  Сонда біздің ықыласпен, мейіріммен, жылы шыраймен қарт әке, шешеміздің әжім түсіп шыймайланған бейнесіне бір қарайтын көзқарасымыз олар жасаған жақсылықтардың бәріне тұрмайтындай қымбат болғаны ма?

 
1
0
635

Осы тақырып бойынша

Қазынамыздың қадірін біліп жүрміз бе? - Yvision.kz