Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Нұрлы жол болашаққа бастар жол

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы мемлекетіміздің қадамдап алға жылжып, көркейіп өсіп келе жатқанының басты тірегі. Сондықтан да  жыл сайын дәстірлі түрде өтетеін жолдауды қазақ халқы тыңдап, талдап-талқылауына ерекше мән беретіні де анық.   Кейінгі кездері, шет мемлекеттер де Елбасы Жолдауын талдап жатқанын бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, біліп жүрміз. Өйткені, көшбасшымыздың  Жолдауда жасампаз жаңалықтар, тың бастамалар, сондай-ақ, жаҺандық мәселелерге деген жан-жақты талдаулар, оларды шешуге бағытталған жаңаша көзқарас, ұсыныстар кең көлемді баяндалады. Жолдаудың елімізден тыс жерлерде қызу талқыланып, насихатталып жатқаны да сондықтан деп есептеймін.

Нұрсұлтан Әбішұлының  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдаған Жолдауы кең қолдауға ие болды. Жолдауда Елбасы «Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Біздің жастарымыз да Көшбасшымыздың әр Жолдауынан тың серпін, жаңа бағыт-бағдар алатындығына күмән жоқ. Ең бастысы, жастар Елбасының сарабдал саясатын қолдап, жыл сайынғы Жолдауларындағы міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігері мен ынта-ықыласын жұмсағаны абзал. Бұл болашақта жас буынның өмір сүруін жақсартады деп сенемін.

2
0
611

Осы тақырып бойынша

Нұрлы жол болашаққа бастар жол - Yvision.kz