Мазмұнға өту
deptruda-sockst

deptruda-sockst

Сайтта 2017 ж. 28 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

1 914

пікірлер

0

тіркелуші

7

жазылу

1

Әдеп жөнiндегi уәкiлдің қызметін жүктеу туралы

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының «Әдеп жөнiндегi уәкiлдің қызметін жүктеу туралы» 15.06.2017 жылғы № 47/1-л бұйрығымен әдеп жөнiндегi уәкiлдің қызметі ұйымдық-техникалық қамсыздандыру және талдамалық жұмыс бөлімінің басшысы Айтуарова Әлия Рафаэльқызына жүктелді.

0
0
277

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Тұрақты негізде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен, 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында зейнетақы жүйесін жаңғырту және азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша 1255 адам қатысқан, кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына 33 кездесу өткізді. 13 наурызда және 25 сәуірде Қостанай облысы бойынша ӘТВЕО Қостанай аудандық бөлімшесінде және Рудный ХҚКО бөлімшесінде Ашық есік күндері өтті, оған 34 адам қатысты. Сонымен қатар 13 наурызда Қостанай облысының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету кәсіпорындарының кәсіби активімен және басшыларымен оқыту семинары өтті. Баспа басылымдарында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды түсіндіру бойы…

0
0
379

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2017» байқауын ұйымдастыру жұмыстары туралы

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі қағидаларының ілгерілету және оны ұйымдастырудағы үздік тәжірибелерді елімізде енгізу мақсатында «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2017» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлыққа қол қойды. Мемлекет Басшысының тапсырмасы Қазақстанның әлеуметтік әріптестік үлгісін одан әрі сындарлы дамытуға негіз болды. Осыған байланысты, ағымдағы жылы республикалық «Парыз-2017» байқауы жарияланды, конкурс лауреаттарының атақтары (ірі, орта және шағын) субъектісі үш санаттары бойынша және «Үздік ұжымдық шарт», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Экологияға қосқан үлесі үшін» 4 номинациялары бойынша беріледі. Конкурст…

0
0
625

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларын сақтау

Облыста 2014-2018 жылдарға арналған объектілерді бейімдеу бекітілген жоспарына сәйкес 1 166 объектілерге қол жеткізуді қамтамасыз ету жоспарланған, қалалар мен аудандар әкімдерінің деректері бойынша 818 объектілерге немесе 70%-ға қолжетімді. Бүгінгі күні - 9 объектілер бейімделді. Осы жылы 169 объектілерді бейімдеу жоспарланған. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) негізгі бағыттарын іске асыру шеңберінде және мүгедектердің мұқтаждықтарына объектілерді бейімдеу бойынша сапалы іс-шаралардың жүргізілуіне жұмыстар жүргізу туралы, мүгедектерді қоғамға кіріктіру және оңалту мәселелері бойынша Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кеңес…

0
0
615

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 03 наурыздағы №102 Қаулысымен мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне жаңа іс-шаралар енгізілді. Оңалтудың жеке бағдарламасы медициналық ұйым мамандарының ұсынымдарын, ұсынылатын іс-шараларға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерін, оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелерін ескере отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарымен әзірленеді. Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі 1. П…

0
0
899

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кезектен тыс алқа отырысы

2017 жылы 20 сәуірде сағат 10.00-де департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков ҚР Президенті Н.Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде (бейнеконференциябайланыс режимінде) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кезектен тыс алқа отырысына қатысты. Отырыс барысында келесідей мәселелер қозғалды: Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру (ҚР Президенті Н.Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде); 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында және 2017 жылғы 3 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы; Бюджетті орындау және түпкі нәтижеге қол жеткізу туралы. Кездесу соңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қо…

0
0
498

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2017 жылы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысы аясында №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.А.Әбдіқадырова «Қостанай аңшылар және балық аулаушылар қоғамы»  ҚБ-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге 43 қызметкер қатысты.

Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға құзіретті жауаптар берілді.

0
0
444

МӘС мамандарының семинар-кеңесі

2017 жылы 04 сәуірде Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерімен МӘС мамандарының семинар-кеңесі өтті. МӘС мамандарымен мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне енгізілген өзгерістер және «Е-собес» бағдарламасындағы проблемалық мәселелер айтылды. Семинар жақсы өтті, қатысушылармен ОЖБ іске асыру барысында және оларды шешу жолдары кезінде әр түрлі мәселелер көтерілді.

0
0
485