Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларын сақтау

Облыста 2014-2018 жылдарға арналған объектілерді бейімдеу бекітілген жоспарына сәйкес 1 166 объектілерге қол жеткізуді қамтамасыз ету жоспарланған, қалалар мен аудандар әкімдерінің деректері бойынша 818 объектілерге немесе 70%-ға қолжетімді. Бүгінгі күні - 9 объектілер бейімделді. Осы жылы 169 объектілерді бейімдеу жоспарланған.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) негізгі бағыттарын іске асыру шеңберінде және мүгедектердің мұқтаждықтарына объектілерді бейімдеу бойынша сапалы іс-шаралардың жүргізілуіне жұмыстар жүргізу туралы, мүгедектерді қоғамға кіріктіру және оңалту мәселелері бойынша Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кеңесінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, департаменттің қызметкерлерімен 2017 жылдың өткен кезеңіне 2016 жылға арналған әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жоспарына кірген облыстың бірқатар аудандарында 85 объектілерге мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары М.Қ.Жүндібаевтың атына аталған іс-шараларды сапалы өткізу туралы анықтама жолданды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларын сақтау бойынша 3 іріктеп тексеру және 6 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша 3 субъектіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, 3 әкімшілік айыппұл салынды.
Еске саламыз, мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз кіріп-шығуы үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын лауазымды және заңды тұлғалармен, сонымен қатар жеке тұлғалармен жағдай жасалмаса, айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады. Лауазымды тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 50 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 120 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 400 АЕК құрайды.
