Жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне байланысты МӘС бөлімшесі 088/у нысанында көрсетілген немесе ДКК қорытындысында көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлейді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес мүгедек балаларға ұсынылады:протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар: қол протездері (иық протездері, білек протездері, қол протездері), сирақ протездері, жамбас протездері, кеуде протездері, аппараттар, туторлар, ортездер, балдақтар, таяқтар, жүргіштер, корсеттер, реклинаторлар, бас ұста…