Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықтың қауқары аз топтарының мұқтаждарына бейімдеуге жататын Қостанай облысының

Халықтың қауқары аз топтарының мұқтаждарына бейімдеуге жататын Қостанай облысының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мониторингі Жол картасының 62-тармағын іске асыру аясында «Елді мекендерде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құру бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде осы мәселені және облыс әкімі А. Мұхамбетовтың хаттамалық тапсырмасын шешуге қоғамдық бақылауды күшейту бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен мүгедектер қажеттілігіне нысандарды бейімдеу бойынша іс-шаралардың сапалы өткізілуін бақылау бойынша жұмыстар жалғастырылды. Осы мақсатта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері 2018 жылы бейімдеуге жататын Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Қамысты, Жітіқара және Мендіқара аудандарының әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына мониторинг жүргізді. Айта кету керек, тек Жітіқара қаласында ғана бейімделу сапалы деңгейде, қалған өңірлерде бұзылулары бар. Мониторинг жүргізу кезінде 56 нысандар тексерілді. Мониторинг қорытындысы бойынша құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес мүгедектердің барлық санаттары үшін бейімдеу іс-шараларын өткізу кезінде ұсыныстар берілді.

0
0
335

Осы тақырып бойынша

Халықтың қауқары аз топтарының мұқтаждарына бейімдеуге жататын Қостанай облысының - Yvision.kz