Департамент басшысы Елбасы жариялаған жастар жылы аясында А. Байтұрсынов
Департамент басшысы Елбасы жариялаған жастар жылы аясында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды. 2019 жылы 19 наурызда департамент басшысы М.Т. Мұратбеков және әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті заң факультетінің 4 курс студенттерімен кездесті. Кездесу мақсаты - мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттыру, жастар арасында азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Кездесу барысында студенттерге Департамент қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, мемлекеттік органдарда оқу практикасын өту, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі, Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарты туралы айтылды. Кездесу барысында туындаған студенттердің барлық сұрақтарына толық жауап берілді.
