Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүгедек бала қандай оңалту құралдарын ала алады

Жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының нәтижелеріне және мүгедектің оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне байланысты МӘС бөлімшесі 088/у нысанында көрсетілген немесе ДКК қорытындысында  көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлейді.  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес мүгедек балаларға ұсынылады:

протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар: қол протездері (иық протездері, білек протездері, қол протездері), сирақ протездері, жамбас протездері, кеуде протездері, аппараттар, туторлар, ортездер, балдақтар, таяқтар, жүргіштер, корсеттер, реклинаторлар, бас ұстағыштар, бандаждар, емдік белдіктер, балалардың алдын алу штаншалары, ортопедиялық аяқ киім және қосымша құралдар (башмачкалар, супинаторлар), аппараттарға арналған аяқ киім, көйлек киюге арналған құрылғы, колготканы киюге арналған құрал, шұлық киюге арналған құрал, түймелерді түймелеуге арналған құрылғы (ілгек), белсенді қармауыш, ыдысты ұстауға арналған қармауыш, қақпақтарды ашуға арналған қармауыш, кілттерге арналған қармауыш;

сурдотехникалық құралдар: есту аппараттары, веб-камерасы бар ноутбук, көпфункционалды сигналдық жүйелер, мәтіндік хабарламасы бар және хабар қабылдайтын ұялы телефондар, саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары, дауыс құрушы аппарат;

тифлотехникалық құралдар: тифлотаяқтар; оқу машиналары; сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук; Брайль жүйесі бойынша жазу құралы; Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi; рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз; дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар; дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер; нашар көретін адамдарға арналған сағаттар; сөз шығаратын термометр; сөз шығаратын тонометр; тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр; брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал; Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе; көру қабілеті бұзылған 1,2 топтағы мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері;

арнайы қозғалыс құралдары: бөлме, серуендеу кресло-арбалары;

міндетті гигиеналық құралдар: несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, жаялықтар, сіңіретін ақжаймалар (жаялықтар), катетер, стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған герметик-паста, қорғаныс кремі, сіңдіретін ұнтақ (пудра), иіс бейтараптандырғышы, теріге арналған тазартқыш, санитарлық жарақтандырылған кресло-орындықтар, дәретхана бөлмелеріне арналған тіреуіш таяныштар, ванна бөлмелеріне арналған тұтқалар.

Мұны алу қиын емес, тек екі құжатты - өтініш пен ОЖБ-дан үзінді көшірмесін ұсыну қажет.

2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мүгедек балаларға стационар және жартылай стационар жағдайында, үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Ағымдағы жылы облыс аумағында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі:

11 медициналық - әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі МӘМ);

 Қостанай және Жітіқара қалаларында орналасқан - 2 оңалту орталығында;

 аудандар мен қалалар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанында 26 үйде әлеуметтік көмек көрсету  бөлімшесінде;

 Арқалық, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің базасында психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге арналған күндізгі бес бөлімшеде 124 мүгедек бала мен 18 жастан асқан 22 мүгедек арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған;

 Амалия абилитациялық орталығы;

 «Радуга» қоғамдық бірлестігі.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап Қостанай қ. № 22 мектеп жанындағы нашар көретін және зағип балаларға арналған кабинет жұмыс істейді. Қазіргі уақытта сыныпта 5 бала оқиды. Кабинет арнайы жабдықтармен, үстел ойындары, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға арналған бұрыш, демалыс аймағы жабдықталған. Сабақты тифлопедагог, тьюторлар (балалардың ата-аналары, білімі педагогикалық), психолог, логопед жүргізеді. Қосымша факультативтік сабақтар мен арнайы пәндер жүргізіледі: әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, кеңістіктік бағдар, белсенді - қимыл сипатындағы жеке және топтық сабақтар, мимика мен пантомимиканы дамыту, түзету ырғағы, сөйлеу дамуының кемшіліктерін түзету, қалдық көруді қорғау және дамыту.

0
0
763

Осы тақырып бойынша

Мүгедек бала қандай оңалту құралдарын ала алады - Yvision.kz