Мәслихаттың бірлескен жиналысында ақпарат берілді
Ағымдағы жылдың 21 қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева қалалық мәслихат депутаттарының бірлескен отырысында 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын елордада іске асырылуы жайлы ақпарат берді.
Депутаттарға стратегияны жүзеге асыруды бағалау және сыртқы сараптау, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жергілікті атқарушы органдар тарапынан Кешенді жоспарды жүзеге асыру бойынша жұмыс туралы материалдар ұсынылды, сондай-ақ 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған жоспар жобасы таныстырылды.
