Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы мүшелерімен кездесті

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы "Мәдениет" БПҰ "Нұр Отан" партиясының "Бірлік" филиалы мүшелерімен"сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбындағы семинар-кеңеске қатысты (130 қатысушы қамтыған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері).

Мобильді топ мүшелері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Тілеген Қаскин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы департаментінің аға офицері Абзал Божбанов, «Нұр Отан» партиясы "Бірлік" филиалының 1-ші орынбасары Шынғысхан Кожахметов.

Семинар барысында Тілеген Қаскин сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясат туралы әңгімелеп, жемқорлыққа қарсы әрекет жасау - әр азаматтың міндеті туралы атап өтті. Мобильді топ мүшелері қатысушылардың белсенді азаматтық ұстанымға шақырып, сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталған тұлғалар туралы бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
354

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы мүшелерімен кездесті - Yvision.kz