Астана қаласының №1 Өнер мектебінде әділдік, адалдық және сатылмаушылық қағидаларын көрсететін үздік суреттер, шығармалар байқауының шешімі қабылданды
Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дәріптейтін құндылықтарды түсіндіру, оны насихаттау және нығайту, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті мен Астана қаласы Білім басқармасы («№1 өнер мектебі» МКҚК) ұйымдастыруымен әділдік, шындық, адалдық, сатылмаушылық қағидаларын көрсететін байқауы өткізілді.
2017 жылғы 25 қазаннан 9 қарашаға дейінгі аралықта өткен байқауға Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушыларының және колледждердің 3 курс білімгерлерінің 18 шығармалары, жалпы білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушыларының және колледждердің 1-2 курс білімгерлерінің 38 суреттері қабылданды.
Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін шығарып, байқау жеңімпаздары анықталды.
Байқау нәтижелері а.ж. 24 қараша күні сағат 17.00-де Жастар сарайында (Республика дағылы, 34) Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған арнайы концерттік іс-шарада жарияланады.
