«Жастарға жол»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті халықтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру дәрежесін көтеруде және жаңа өскелең ұрпақты жемқорлықсыз тәрбиелеу мақсатында белсенді жұмысын жалғастыруда.
2015 жылғы 26 ақпанда Департамент басшысы Үсенов Данияр Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Мемлекеттік университет ректорының кеңесшісі, «Құқықтық Қазақстан үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Дәуенов Михаил, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері, ҚМУ белсенділері және «Жастар бастамасы орталығы» қатысушыларымен бірлесіп Сарыкөл ауданының жастарымен кездесу өткізді.
Шараға аудандағы мемлекеттік қызметтегі, студенттер, мектеп жастары мен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шараның ашылу барысында «Біздің ең негізгі бағытымыз жемқорлықтан сақтандыру. Сіздермен жұмыс жасау біз үшін өте маңызды, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бұл – әрбіріміздің міндетіміз»-деп Үсенов Данияр атап өтті.
Кездесуде жаңадан құрылған мемлекетттік орган – Агенттіктің негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымдылығы туралы айтылды.
Аудан жастарының өкілдері кездесу кезінде көкейлеріндегі жүрген сауалдарды қойып, оған шараға қатысушылардан толыққанды жауап алды.
Дәуенов Михаилда «Біз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментіне алғысымызды білдіреміз және одан әрі белсенді жұмыс атқарамыз деп сенемін. Мұның бәрі осы жастар үшін жасалып жатқанын олар түсінуі керек»-деп түйіндеді.
«Жас Отан» жастар қанатының өкілі Төлеутаев Ерланда өз кезегінде Үсенов Даниярға жастардың облысымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысына көкейлеріндегі сұрақтарды қоюларына мүмкіндік жасағанына алғысын білдірді.
Осы тектес шаралар Қостанай облысының қашықтағы аймақтарында Департамент тарапынан тұрақты негізде жүргізіліп тұратынын қаперге саламыз.
