Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

2015 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Үсенов Данияр «Нұр Отан» пртиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.
Қабылдауға Қостанай облысының жеті азаматы келіп құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларына және облыстық балалар үйі мен Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларының заңға қайшы әрекеттері бойынша жүгінді.
Жеке қабылдаудағы барлық жүгінулер бойынша түсіндірме және кеңес берілді, сонымен бірге лауазымды тұлғаларға қатысты тексеріс шараларын жүргізу үшін өтініштер қабылданды. 
Кез келген елде мемлекеттік басқарудың тиімділігінің іргелі жағдайы қоғамның мемлекеттік органдарынына, оның ішінде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуының сақшысы болып табылатын құқық қорғау органдарына деген сенімі.
Данияр Үсенов жаңа құрылған уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде Тәртіптік кеңес және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірігіп күшейтілгенін атап өтті. Бұл ретте бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы салдарымен күресу жөнінде ғана емес, олардың алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығы туралы болды.

0
0
489

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау - Yvision.kz