Мазмұнға өту
ceka

Серікбол Берікқожа

@ceka

Сайтта 2013 ж. 30 маусымКазахстан, Тараз

Тараз қалалық мәслихатының депутаты

рейтинг

100

жазбалар

464

пікірлер

2

тіркелуші

8

жазылымдар

67

«E-GOVболашаққа бастайтын жол»

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері 2013 жылғы 20 наурызда «E-GOV болашаққа бастайтын жол» деп аталатын акция өткізді, бұл шара күн мен түннің теңелу мерекесі Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған. Акция Электрондық үкімет порталын танымалдандыруға мүмкіндік берді. Үгіттеу жұмыстары кезінде қызметкерлер тұрғындармен электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді ұсыну мәселесі бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді.

1
0
359

«Электрондық үкімет» порталы

«ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері күнделікті Тараз қаласының тұрғындары арасында «Электрондық үкімет» порталы арқылы берілетін,  атап айтатын болсақ  жекетұлғалардыңкөліксалығынтөлеу, мекен-жай анықтамаларын алу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айып-пұл төлеу, жылжымайтынмүліктіңжоқ (бар) екендігітуралыанықтама алу және т.б. электрондық мемлекеттік қызмет түрлері бойынша насихат жұмыстарын жүргізуде.

1
0
346

«Электронды цифрлық қолтаңба – бүгінгі күнгі заман талабы»

«Электронды үкімет» порталы дегеніміз – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар, онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс. Порталда экономикалық, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000 аса ақпарат қызмет түрлері көрсетіледі. «Электронды үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің түрлері қарапайым тұрғындарға жеңіл әрі қол жетімді қылып жасақталған. Аталмыш порталға кіру үшін тек азаматта эелектронды цифрлық қолтаңба болса болғаны. ҚР «Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңба…

1
0
1583

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)»

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «15» желтоқсандағы №2121 қаулысымен бекітілген. 2012 жылғы «6» қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1160 қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Аталмыш қызмет түрі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 3-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-баптарының негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: Ø шағын кәсіпкерлік субъектілері болып…

1
0
640

Атқарылған іс аз емес!

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің кезекті кеңейтілген Кеңес отырысы өтті. Бірлестік 2010 жылы облыстық пікірсайысшы жастардың бастамасымен құрылды. Осы уақыт аралығында көптеген жұмыстар атқарып, игі бастамалар көтеріп келеді. 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының, 2013 жылы облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік маңызы бар жобалар шеңберінде «Жастар арасында пікірсайыс ойындарын өткізу» тақырыбында қатысып, жеңімпаз болып келеді. Облыс жастарын шешендік өнерге баулу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін жетілдіру жолдарында көптеген жұмыстар атқаруда. «Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші жастарды отансүйгіштікке баулу…

1
0
492

Қазақ жастарының 5 мәселесі

«Баспанам» Яғни пәтер мәселесі. Жастар үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан, негізінен ата-ана табыстары есебінен күн көріп жүрген қоғамдағы жеке тап болып табылады. Дегенмен, ата-ана баласына, әсіресе үйленгеннен кейін жеке пәтер алып бере алмайтыны белгілі. Көп жағдайда ата-ана балаларының талаптарын қанағаттандыруға материалдық тұрғыдан қауқары жетпей қалады. Жастардың қалтасы тесік. Ал, несие алайын десе, тұрақты жұмысы, қомақты табысы болмағандықтан, оларға банктер несие бере қоймайды. Екінші мәселе, амалын тауып несие алған күннің өзінде жастардың аса жоғары үстемемен берілетін несиелерді төлеуді қалталары көтермейді. Білім-арзан, білу-қымбат Жоғары білімсіз, кәсіби даярлықсыз табысы жақсы жұмыс табу қиын. Сондықтан, жастардың дені, дәлірек айтқанда, ертеңін ойлағандар мектептен кейін…

1
0
673

Имандылық

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың ж…

1
0
1076

Рамазан мен ораза туралы таралып кеткен, бірақ әлсіз не ойдан шығарылған хадистер

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Менің атымнан мен айтпаған нәрсені айтқан адам Оттан орын алуға дайындала берсін!» (Бухари 109). Хафиз ибн Хажар, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзі өтірік деп санайтын нәрсені менен жеткізетін кісі өтірікшілердің бірі болып табылады», - деген сөздері жайында: «Егер пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атынан ол айтпаған нәрселерді жеткізуге де тыйым салынған болса, онда оған сүйеніп амал жасау туралы не айтса болады?! Хадис, үкімдерге (ахкәм) немесе артықшықтарға (фадаил) қатысты болса да, еш айырмашылығы жоқ, өйткені бұның барлығы шариғатқа жатады!» - деп айтты (“Тәбйин әл-‘аджәб” 3-4). Әлсіз хадистер: «Егер де құлшылық етушілер Рамазанның артықшылығын білгенде, онда олар…

1
0
3831

Рамазан айындағы мустахаб (қосымша-қалаулы) амалдар

Тәубе ету Аллаһ Тағала былай деді: «Ал кім тәубе етпесе, солар - залымдар» (Хужурат сүресі, 11-аят). Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһ тәубе етушінің тәубесін әрқашан және әруақытта қабылдайды. Бірақ, осы айда өз айыптары мен күнәларының және тәубе етуден бас тартудың себебімен, Раббысының кешіріміне лайық болмаған адамға өкініш болсын. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Маған Жәбрейіл періште келіп былай деді: «Әй, Мұхаммед! Рамазан айына жетіп, сонда да кешірімді ала алмаған адам Отқа кіреді де, Аллаһ оны Өзінен алыстатады. «Әмин!» - деп айт». Мен: «Әмин!» - дедім» (Ахмад, Ибн Хиббән, әт-Табарани “әл-Кәбир”. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 3/216). Тәубе еткісі келген адам үшін тәубе есіктері ажалы жетпейінше ашық тұрады. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың…

1
0
5319

Оразаның рухани жағы мен ораза тұтушының тәртібі

Аллаһ Тағала Мұхаммедтің (оған Аллаһтың игілігі болсын) үмметіне ораза тұтуды бұйырып былай деген: «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға ораза тұту парыз етелгендей, сендерге де ол парыз етілді – әрине тақуа боласыңдар» (Бақара сүресі, 183-аят). Құдыретті әрі Аса Дана Аллаһ Өз құлдарына бір үкімді әмір еткенде немесе парыз қылғанда, онда Ол әдетте тек бұйрықтын өзін ғана атап, оның даналығын баяндамай кетеді. Өйткені, Аллаһтың жалпы даналығы, Өз құлдарына оларды сынап, Оған бағынатындар мен бағынбайтындарды айқындайтын бір міндет жүктейтіні. Алайда, аталмыш аятта Аллаһ Құранда жиі кездесе бермейтін, бір нәрсені атап өтті. Ол - ораза тұту әмірінің даналығының түсіндірмесі: «әрине тақуа боласыңдар». Бір күні Талқ ибн Хабиб айтқан: "Фитна (бүлік) туған кезде, оны тақуалықпен сөндіру…

1
0
1217