СуҺур (сәрісі) мен ифтардың (ауызашар) әдептері
Суһурдың маңыздылығы мен артықшылығы Әрбір мұсылман түннің соңғы бөлігінде, ораза тұтуға ниет етіп, суһурды ұстанғаны жөн. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Таң атпастан бұрын тамақтаныңдар, өйткені суһурдың берекесі бар!» - деді (әл-Бухари 1923, Муслим 1095). Суһурдың артықшылығы жайында, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, Аллаһ және Оның періштелері суһур жасайтындарға салауат жолдайды» (Ахмад 3/12. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген). Суһур – бұл тағы да, мұсылмандардың оразасы мен христиандар және яһудилердің оразаларының арасындағы айырмашылық. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: «Негізінде, біздің ораза мен Кітап иелерінің оразасынан айырмашылығы - суһур» (Муслим 2/770). Суһурдың маңызд…