Мазмұнға өту
ceka

Серікбол Берікқожа

@ceka

Сайтта 2013 ж. 30 маусымКазахстан, Тараз

Тараз қалалық мәслихатының депутаты

рейтинг

100

жазбалар

464

пікірлер

2

тіркелуші

8

жазылымдар

67

Асық ойыны!

Қазақ халықтарының салт – дәстүрлерінің ішіне кіретін ұлттық ойындарының бала тәрбиесіндегі маңызы мен үлесі бағытында орындалған. Қазіргі заманның ағымына байланысты ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық ойындарының мән мағынасы, шығу тарихы баланың рухани және дене тәрбиесіне беретін мол әсері жайлы мәліметтер жиналған. Жеке тұлғаның тәрбие негізінде табиғатқа, салт-дәстүрге деген адамгершілік эстетикалық сезімі бар адам тәрбиелеуге көңіл аударылған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны –сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар:құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ой…

1
0
2692

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл - халықтың тағдыры, дүниетанымы, салт- дәстүрі. Өз тіліне, айырылған ұлт сол ұлтқа тән барлық құндылықтарды жогалтып, жеке өзіндік ойлау жүйесінен айырылады. Ұлттық тіл, ұлттық рухани байлық, ұлттық мінез- құлықтан айырылған ұлттық болашағы да жоқ. Қоғамдағы мәдениетке жеткізетін, қоғамдық ой- сананы биікке көтеретін, қуатты да құдыретті ана тілі- қазақ тілін біз өз деңгейінде қолданысқа енгізіп келеміз бе? Дәл қазіргі уақытта қазақ елі жаһандану дәуіріне қадам басып келеді. Яғни, соңғы жылдары елімізде шетелдік фирмалармен алыс - беріс жасап, ынтымақтаса жұмыс істеу көбейді. Нарықтық экономиканың халықаралық деңгейдегі сауда - делдалдық, көлік, қаржыландыру мен кредиттеу, жарнамалық қызмет, халықаралық көрмелер, аукциондар, халықаралық экономикалық қатынастар т.б алуан түрлі салалар…

1
0
578

Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдарды тіркеу

Аталып өткендей, әлемнің көптеген елдерінің халықаралық стандарттары мен тәжірибелеріне сәйкес, ҮЕҰ заңды тұлғаның құқықтық мәртебесімен, сондай-ақ мәртебені алусыз да әрекет ете алады. Соған қарамастан, ҮЕҰ басым көпшілігі коммерциялық емес ұйым түрінде осындай мәртебе алуға тырысады, себебі бұл оларға салық жеңілдіктерін, мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік беріп, жалпы әрекет етуін жеңілдетеді. Қазақстанда заңды тұлға мәртебесін алудың тіркеу жүйесі бар. Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеуге келсек, ҚР заңнамасында тіркеусіз (заңды тұлға мәртебесін алусыз) ҮЕҰ қызметіне тікелей тыйым салынбаған. Мұндай тікелей тыйым, жоғарыда аталып өткендей, қоғамдық бірлестіктерге қатысты салынған. Алайда, әділет және прокуратура органдарының құқыққолдану тәжірибесінде азаматтар тобымен құрылған, қоғам…

1
0
537

Конституциялық негіздері

ҚР Конституциясының 23 бабының 1 тармағында Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығының бары орнатылған. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі. Өзіміз білетіндей, Қазақстан Республикасының заңнамасы бірлесу бостандығына құқық ретінде, өз кезегінде коммерциялық емес ұйымдардың (заңды тұлғалардың) ұйымдастырушылық-құқықтық түрінің бірі болып табылатын қоғамдық бірлестіктерге бірлесу құқығын түсінеді. Ұлттық жоспарда әділ айтылып өткендей: «Осы тармақтың бірінші сөз тіркесінің мағынасын тікелей орындайтын болсақ, ҚР Конституциясы халықаралық құқыққа толық сәйкес келе отырып, азаматтарға қоғамдық бірлестіктер құру мақсатында өзге азаматтармен бірлесу құқығын кепілдендіреді. Алайда, ҚР Конституциясының 23 бабының 1 тармағының екінші сөз тіркесі мен 5 бабынан…

1
0
7047

Жаза түсінігі және оның мақсаты. Жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар

Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері: жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы, жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына); жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгіл…

0
0
3901

Қылмыс түсінігі, белгілері, санаттары және қылмыс құрамы

Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады. Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы. Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз. Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады: 1. Қоғамға қауіптілігі 2. Заңға қайшылығы 3. Айыптылығы 4. Жазаланатындығы. Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді: - онша ауыр емес; - ауырлығы орташа; - ауыр; - аса ауыр. Қылмыстық Кодекстің 10-бабына сәйкес…

0
0
106165

Тбиғатты қорғау қажет

Жалпы табиғатты қорғау деген мәселе қолыңа мылтық алып, орманды қорғау емес. Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға жөне оны тиімді пайдалануға үйрету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту. Экологиялық білімді оқушылардың санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып қана сіңіру керек. Экологиялық білім берудің түп негізі отбасынан басталады. Өкінішке карай, аға ұрпақтың санасезімінде табиғат ресур…

0
0
689

Қазақстан Республикасының журналистік этика Кодексінде

Қазақстан Республикасының журналистік этика Кодексінде (Қазақстан журналистер Одағы басқармасы мен бас редакторлар Клубының бірлескен мәжілісінде қабылданған. Хаттама №1, 2012-жылдың 30-қазаны, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы) «Журналист жеке өмір құқығы, адамның ар-намысын және іскерлік беделін құрметтеу қағидасына сүйенеді» деген норма бар. Ол журналистерге жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді міндеттейтін ҚР Заңының 21- бабы, 4-тармағындағы «Бұқаралық ақпарат құралы» деп аталатын бөлімді қайталайды. Солай бола тұра, БАҚ хабарламаларынан аталмыш мәселенің өзектілігін әлі күнге жоғалтпай отырғандығын байқауға болады. Мысал ретінде қазан айында жарық көрген хабарламаны назарларыңызға ұсынамыз: «Алматы қаласының кинотеатрларының біріндегі ерлердің қа…

0
0
732

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысы

Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген. Мемлекеттік қызметті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт жөніндегі жергілікті атқарушы органдары мекенжайлары көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынады. Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықт…

0
0
465

Сауапты істен құр қалмайық достар!

Әс-сәләму ъалйкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ! Құрметті жамағат! Өздерңізге белгілі осы ай айлардың сұлтаны – қаситетті Рамазан айы. Рамазан айын барша мұсылман құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды: «Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар. Көп Құран оқыңдар. Өйткені, рамазанда оқылған Құран Кәрімнің әр әрпі үшін Хақ та’ала жәннат бақшаларынан бір бақша береді». «Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүміндерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім және соңы тозақ отынан құтылу…

1
0
1617