Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдарды тіркеу
Аталып өткендей, әлемнің көптеген елдерінің халықаралық стандарттары ментәжірибелеріне сәйкес, ҮЕҰ заңды тұлғаның құқықтық мәртебесімен, сондай-ақ мәртебеніалусыз да әрекет ете алады. Соған қарамастан, ҮЕҰ басым көпшілігі коммерциялық емесұйым түрінде осындай мәртебе алуға тырысады, себебі бұл оларға салық жеңілдіктерін,мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік беріп, жалпы әрекет етуін жеңілдетеді.Қазақстанда заңды тұлға мәртебесін алудың тіркеу жүйесі бар.Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеуге келсек, ҚР заңнамасында тіркеусіз (заңдытұлға мәртебесін алусыз) ҮЕҰ қызметіне тікелей тыйым салынбаған. Мұндай тікелейтыйым, жоғарыда аталып өткендей, қоғамдық бірлестіктерге қатысты салынған.Алайда, әділет және прокуратура органдарының құқыққолдану тәжірибесіндеазаматтар тобымен құрылған, қоғамдық бірлестік мәртебесінен талаптанбайтын жәнезаңды тұлға мәртебесін алмаған ҮЕҰ тіркелмеген қоғамдық бірлестік танылады, ал оныұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Балама мәселелер тіркелмегендіни бірлестіктердің басына да туып отыр.Сондай-ақ, айта кететін жайт, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардытіркеудің рұқсат тәртібі орнатылған. ҚР бұл тәртіп құрылтайшылар осындай ұйымныңқұрылуына қатысты қойылатын заңнаманың барлық талаптарын орындаған жағдайда,мемлекеттің осындай ұйымды тіркеу міндетін қарастырады.Қазақстанда заңды тұлға мәртебесін алу рәсімінің өзі және оған қойылатын талаптарЗаңды тұлғаларды тіркеу туралы Заңда (1995) және Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуережесінде (1999) орнатылған.Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу рәсімімен байланысты бірқатарқиын мәселелерді атап өткен жөн.
