Конституциялық негіздері
ҚР Конституциясының 23 бабының 1 тармағында Қазақстан Республикасыазаматтарының бірлесу бостандығына құқығының бары орнатылған. Қоғамдықбірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.Өзіміз білетіндей, Қазақстан Республикасының заңнамасы бірлесу бостандығынақұқық ретінде, өз кезегінде коммерциялық емес ұйымдардың (заңды тұлғалардың)ұйымдастырушылық-құқықтық түрінің бірі болып табылатын қоғамдық бірлестіктергебірлесу құқығын түсінеді. Ұлттық жоспарда әділ айтылып өткендей:«Осы тармақтың бірінші сөз тіркесінің мағынасын тікелей орындайтын болсақ, ҚРКонституциясы халықаралық құқыққа толық сәйкес келе отырып, азаматтарғақоғамдық бірлестіктер құру мақсатында өзге азаматтармен бірлесу құқығынкепілдендіреді.Алайда, ҚР Конституциясының 23 бабының 1 тармағының екінші сөз тіркесі мен 5бабынан туындай отырып, конституциялық түрде бірлестіктердің тек бір түрі –қызметі заңмен реттелетін қоғамдық бірлестіктер бекітілген.Осылайша, ҚР Конституциясының 5 бабына сәйкес, мақсаты немесе іс-әрекетіРеспубликаның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға,мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруғажәне олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамаларқұруға тыйым салынады.
