ХҚКО күннен-күнге жетілу үстінде!
ХҚКО-лар арқылы көрсетілетін қызметтер саны жылдан-жылға артып келеді. Егер 2011 жылы ХҚКО-ы арқылы көрсетілген қызметтер саны 59-ды құраса, қазір бұл сан 160-ты құрайды. Қағаз жүзінде – 56 қызмет, электронды түрде – 12 қызмет, электронды және қағаз жүзінде - 92 құжат. Жалпы, республика бойынша кезектер байқалуда, бірақ олардың сипаты жүйелі емес. Олар, мысал үшін, адамдар жәрдемақыларды ресімдейтін тоқсаннан тоқсанға дейін болады, олар бұл кезеңді өткізіп алуға қорқады. Сол кездерде үлкен ағын болады. Бізде құпия сатып алушы әдісі бар, ол көрсететін қызметтердің сапасына қатысты әлеуметтік сауалнама әдісі. Соңғы әлеуметтік зерттеулер бойынша сауалнамаға қатысушылардың 83 пайыз қанағаттанрлық деген пікірді білдірген. Бұл көрсеткіш өте жақсы, оның үстіне мемлекеттік қызметтер үшін. Екі-үш жыл бұрын бұл көрсеткіш 60 пайыздан аспады. ХҚКО-ы арқылы әділет саласы, жылжымайтын мүлікті тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу және т.б. қызметтерді көрсетеді.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлімінде «Өзіне өзі қызмет көрсету секторы», «Жылжымалы ХҚКО» тұтынушылардың ынғайына қарастырылып жасалған тың бастама.
Жақын арада «Электронды үкімет» порталының «мобильді үкімет» атты жаңа қосылды. Мобильді үкімет порталына сіз қосыла отырып, төмендегідей мүмкіндіктерге ие бола аласыз:
1. Кейбір мемлекеттік қызметтерді электронды цифорлық қолтаңбасыз, өз ұйялы телефоныңыз арқылы аласыз.
2. Анықтамаларға СМС жүйесі арқылы тапсырыс бере аласыз.
3. Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырған құжатыңыздың дайын екендігі туралы мәлімет аласыз.
Толық ақпараттық мәліметтерді мен электронды үкімет порталы арқылы немесе ақпарат алу үшін жергілікті ХҚКО жүгінуіңізге және 1414 біріңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалуыңызға болады.
