Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы Үкіметінің2014 жылғы 23 мамырдағы№ 538 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік стандарттары негізінде көрсетеді. Қазіргі уақытта 160 мемлекеттік қызмет стандарты бар. Соның ішінде «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 2014 жылдың 23 мамырдағы№ 538 қаулымен жүзеге асырылады.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы жүзеге асырылады.

-Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күннен аспайды;

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны  қағаз түрінде - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестат телнұсқасын беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

-құжатты жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушының білім беру ұйымы басшысының атына оның жоғалу жай-күйі баяндалған өтініші;
-құжаттың нөмірі және тіркелген күні көрсетілген құжаттың жоғалғаны туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы орналастырған күннен бастап жарияланған мерзімінен 10 күн өтпеген мерзімді баспасөз басылымынан үзінді;
- туу туралы куәліктің (2008 жылға дейін туылған жағдайда) немесе жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі.

-ХҚКО оның бір ай мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді.
- Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті  алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 

Мойынқұм аудандық

Халыққа қызмет көрсету

орталығының инспекторы

Абдикаримова Ж.М

     
0
0
339

Осы тақырып бойынша