Меркі ауданының тұрғындарымен кездесу
2015 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» Меркі ауданының тұрғындарына түсіндіру бойынша кездесті. Кездесу барысында Ғ.Тұрсынбаев Стратегияның басым бағыттарына тоқталып өтіп, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіндігін және ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіндігін атап өтті. Кездесу соңынан Ғ.Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратын…





