«20 мейірімді іс»
Жоғары құқықтық және рухани мәдениет - жемқорлыққа қарсы маңызды фактор
2015 жылдың 1 сәуірінде Жамбыл облысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігі департаментінің қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдық мерейтойларына орай «20 мейірімді іс» жобасының аясында Н.Тлендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп – интернатына барды.
Департамент қызметкерлері қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тлендиевтің 90 - жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс – шараға қатысып, мектеп – интернатының мұғалімдері мен оқушыларын құттықтады.
Шара барысында Департамент басшысының орынбасары Ғ.С.Тұрсынбаев құттықтау сөзінде еліміздің бай тарихын, дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтау және оны өркендету маңызды екенін атап өтті. Өнегелік тәрбие мен жоғары рухани мәдениет - қоғамның жемқорлыққа қарсы көзқарасының қалыптасыуының маңызды аспекті, - деді ол.
Мектеп - интернатының жетекшілері мен оқушылары Департамент қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, қажетті музакалық аспаптар сатып алуға берілген қайрымдылық көмекке алғысын білдірді.
