Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәртіптік кеңестің отырысы

2015 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы Тәртіптік кеңесінің мәжілісі өтті. Жамбыл облысы прокуратурасының ұсынысында көрсетілген фактілер бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.С.Толеулиевке қатысты қызметтік тексерудің қорытындысы қаралды.
Прокуратураның ұсынысында, М.Толеулиевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2009 жылғы №2225 қаулысымен бекітілген (ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 879 қаулысымен өзгерістер енгізіліп, 11.09.2014 жылы алғашқы ресми жариялаған), Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес, аталған құрылысқа ТЭН қажет етілмейді деген талабын бұза отырып, «Астанатехстройэксперт» ЖШС-мен 25.09.2014 жылы келісім – шартқа негізсіз отырған, делінген. Себебі, басқармасының 16.09.2014 жылғы бір көзден мемлекеттік сатып алуға «Астанатехстройэксперт» ЖШС қатысуына шақыру кезінде ТЭН әзірлеу қажет болмаған.
Осылайша, негізсіз 4 391 999 теңгені құрайтын қаражат төленіп, мемлекетке айтарлықтай залал келтірген.
Сондай–ақ Шарттың 8.2. тармағына сәйкес, Тапсырыс беруші Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. 
Алайда, басқарма басшысы М.Толеулиевпен шартты бұру туралы уақытылы іс-әрекеттер жасалынбаған.
Дәл осылай, «Байзақ ауданындағы 21 елді мекендерде орта қысымды газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізуге» техникалық–экономикалық негіздемелерін әзірлеу үшін, Басқарма «Күмбез-Тас» ЖШС-мен жалпы соммасы 15 327 509 теңгені құрайтын 04.08.2014 жылғы №16 келісім – шартқа отырған. Бұнда да қаражаттар ТЭН алғанға дейін төленіп келген.
Прокуратура ұсынысында көрсетілген деректері өз дәлелін тапқан. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағының 5) тармақшасында көрсетілген кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін, аталған Заңының 12 бабы 2 тармағының және Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28 бабы 1-1 тармағының 3) тармақшасының талабына сәйкес және аталған Заңның 27 бабы 1 тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мухтар Салькеулы Толеулиевке қызметiнен босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

0
0
465

Осы тақырып бойынша

Тәртіптік кеңестің отырысы - Yvision.kz