Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мейірімділік шарасы «Сенің күнің, Донор!» акциясының Hot Blood Challenge эстафетасы


9 маусым күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестері жолдаған Hot Blood Challenge эстафетасын қабылдап, «Сенің күнің, Донор! » акциясына қатысты. Облыстық қан тапсыру орталығында лейкемия және онкология ауруымен күресіп жатқан жандарға көмек болсын деп, 50 литрдан астам қан тапсырды.
Республикалық акцияны қолдай отырып, Департамент қызметкерлері еліміздегі донорлық мәселесіне қоғамның көңілін аудармақшы. Жиналған қан республикалық лейкемия аурына шалдыққан жандарды емдеу онкогематогогиялық орталыққа тапсырылатын болады.
Шара соңында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері эстафетаны Манғыстау облысындағы әріптестеріне жолдады.
Іс - шараға Жамбыл облысы бойынша Департаментінің жеке құрамы түгел қатысты.

0
0
317

Осы тақырып бойынша

Мейірімділік шарасы «Сенің күнің, Донор!» акциясының Hot Blood Challenge эстафетасы - Yvision.kz