Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Оралда Мемлекеттік басқару Академиясында маңызды дәріс өткізілді

2018 жылдың 20 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша Департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының облыстық филиалының базасында дәріс өткізді. Дәріс біліктілігін арттыру курсын өтіп жатырған мемлекеттік қызметшілерге оқылды. Шара барысында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілердің әдебі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы ж.зеге асыру және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге факторлы-баллдық шкала түріндегі жаңа ақы төлеу бойынша түсінік берілді.

0
0
227

Мемлекеттік қызметшінің кәсібилілігі мен нәтижелілігі–халыққа қызмет етудің тиімділігінің кепілі

Ағымдағы жылдың 20-21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы Шаимова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.А.Шаимова сапар шеңберінде облыс әкімі А.Көлгіновпен кездесті. Кездесу кезінде бүгінгі күнгі мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, мемлекеттік органдар мен бюджеттік қаражаттан қаржыландырылатын ведомствалық мекемелердегі бизнес-процестерді оңтайландыру мәселелері талқыланды.Агенттіктің аумақтық департамент ұжымымен кездесу барысында мемлекеттік қызмет органдарының қалыптасуының 20-жылдығымен құттықтай отырып, А.Шаимова әлемдік трендтердің арнасында Қазақстанның мемлекеттік…

0
0
516

Әділет органдары қызметін талдау. Анализ коррупционных рисков в органах юстиции

2018 жылғы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында ҚР ӘМ БҚО Әділет департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде. Талдау жұмысына ұсыныстарыңыз [email protected] электронды мекенжайы бойынша жолдауларыңызға болады.

С 20 сентября по 20 октября 2018 года проводится внешний анализ коррупционных рисков в деятельности Департамента Юстиции ЗКО МЮ РК и его структурных подразделений. Отзывы и предложения по анализу рисков просим направить на электронный адрес [email protected] .

0
0
370

«АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны

Ағымдағы жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысында республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны бастау алды.

Марафонның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру.

2018 жылдың 13 қыркүйекте марафон эстафетасы Шыңғырлау ауданынынан Бөрлі ауданынына салтанатты түрде табысталды.

1
0
290

«Транспарентті және есеп беретін мемлекет» атты бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ

БекітемінҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы__________________________Б.А.Исақов«Транспарентті және есеп беретін мемлекет» атты бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІЖАЛПЫ ЕРЕЖЕБейнероликтер байқауы (әрі қарай – Байқау) туралы Ереже «Транспарентті және есеп беруші мемлекет» атты бейнероликтер байқауының міндеттері мен өткізу тәртібін регламенттейді. Конкурсты ұйымдастырушы: «Астана Рухани Жаңғыру» жауапкершілігі шектелуі серіктестігі ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің тапсырысымен.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ1. Қоғамның ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешуде Қазақстанның жетістікте…

1
0
5813

Ақпарат

2018 жылдың 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған мемлекеттік қызмет мектебіне түсу үшін Батыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарының студенттерінен құжаттар қабылдау жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 20 қыркүйекте үміткерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен тарихы бойынша тестілеу мен әңгімелесуден өтетін болады. Қосымша ақпаратты 8 (7112) 509446,24-44-34 телефондары арқылы ала аласыздар.

0
0
223

Мемлекеттік кірістер органдарында көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінде тікелей эфирде талқыланды

Бүгінгі күнгі халық арасындағы өзекті мәселелердің бірі салық төлеу болып отыр. Себебі биылғы жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдары әр салық төлеушіге 1 қазанға дейін жер және мүлік салығын төлеу туралы хабарламалар таратыла бастады. Мемлекеттік кірістер органдардың ғимараттарында үлкен кезектерге негіз болатын жағдайларды жою мақсатында салық төлеу және салық мөлшерін есептеу туралы түсіндіру жұмыстар жандандырылуда.Ағымдағы жылдың 15 қыркүйекте түсіндіру жұмыстары аясында ТДК-42 телеарнасында «Айтарым бар» атты бағдарламада мемлекеттік кірістер органдардың салық төлеу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру мәселелері талқыланды. Бағдарламаға Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, жеке сот орындаушылар палатасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемл…

0
0
276

Галстуксіз кездесу

2018 жылдың 13 қыркүйекте Департамент басшысы Б.Исақов мемлекеттік органдардың бірінші басшысы лауазымына жаңадан тағайындалған басқарма басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге жағдай жасау, мекемедегі бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша жұмысты жүргізу, қызметкерлерге үстем-ақы және қосымша ақы төлеу және ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту үшін жағдай жасау туралы мәселелер көтеріліп, орындау тапсырылды.

Сонымен қатар, Агентіктің «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасымен таныстырылып, осы бағыт бойынша атқарылған іс-шаралар айтылды.

Кездесуге қатысқандар тарапынан сұрақтар қойылып оған лайықты жауаптар беріліп, ұсыныстар ескерілді.

0
0
300

«АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны

2018 жылдың 07 қыркүйекте «АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округіне табысталды.

07 сентября 2018 года эстафету антикоррупционного марафона «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» передали в сельский округ Чингирлау Чингирлауского района.

1
0
253

«АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны

2018 жылдың 07 қыркүйекте «АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округіне табысталды.

07 сентября 2018 года эстафету антикоррупционного марафона «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» передали в сельский округ Карагаш Чингирлауского района.

1
0
263