Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік кірістер органдарында көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінде тікелей эфирде талқыланды

Бүгінгі күнгі халық арасындағы өзекті мәселелердің бірі салық төлеу болып отыр. Себебі биылғы жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдары әр салық төлеушіге 1 қазанға дейін жер және мүлік салығын төлеу туралы хабарламалар таратыла бастады. Мемлекеттік кірістер органдардың ғимараттарында үлкен кезектерге негіз болатын жағдайларды жою мақсатында салық төлеу және салық мөлшерін есептеу туралы түсіндіру жұмыстар жандандырылуда.

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйекте түсіндіру жұмыстары аясында ТДК-42 телеарнасында «Айтарым бар» атты бағдарламада мемлекеттік кірістер органдардың салық төлеу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру мәселелері талқыланды. Бағдарламаға Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, жеке сот орындаушылар палатасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның, ішкі істер департаментінің өкілдері қатысты. Аталған шарада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысыбойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы қатысып, мемлекеттік кірістер органдардың қызмет көрсету бизнес процесстерін трансформациялау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытындағы жұмысы туралы атап өтті.

0
0
278

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік кірістер органдарында көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінде тікелей эфирде талқыланды - Yvision.kz