Ақпарат
2018 жылдың 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған мемлекеттік қызмет мектебіне түсу үшін Батыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарының студенттерінен құжаттар қабылдау жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 20 қыркүйекте үміткерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен тарихы бойынша тестілеу мен әңгімелесуден өтетін болады. Қосымша ақпаратты 8 (7112) 509446,24-44-34 телефондары арқылы ала аласыздар.
