Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметшінің кәсібилілігі мен нәтижелілігі–халыққа қызмет етудің тиімділігінің кепілі

Ағымдағы жылдың 20-21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы Шаимова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

А.Шаимова сапар шеңберінде облыс әкімі А.Көлгіновпен кездесті. Кездесу кезінде бүгінгі күнгі мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, мемлекеттік органдар мен бюджеттік қаражаттан қаржыландырылатын ведомствалық мекемелердегі бизнес-процестерді оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Агенттіктің аумақтық департамент ұжымымен кездесу барысында мемлекеттік қызмет органдарының қалыптасуының 20-жылдығымен құттықтай отырып, А.Шаимова әлемдік трендтердің арнасында Қазақстанның мемлекеттік аппаратын одан әрі жетілдіруде Агенттік қызметінің басымдықтарын белгілеп берді. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізудің артықшылықтарын толықтай түсіндіріп өтті.

Жұмыс өтіліне және атқарып отырған лауазымының категориясына байланысты қазіргі қолданыстағы жүйедегі ақы төлеудің ерекшелігі, жаңа жүйе факторлы-баллдық шкала негізінде тіркеулі бөлігінен және ауыспалы бөлігі – бонустардан тұрады. Әрбір лауазым және олардың деңгейлері, қажетті біліміне, қабылданатын шешімдеріне жауапкершілік дәрежесіне және түпкілікті қорытындысымен бағаланатын болады. Нәтижесінде, бір категориядағы лауазымдарға әртүрлі еңбекақы төленуі мүмкін. Бонустар кемінде төрт айлық жалақының мөлшерін құрайды және ол мемлекеттік қызметшінің түйінді нысаналы индикаторына қол жеткізуіне байланысты жылдың соңында беріледі.

А.Шаимованың жұмыс сапары Орал қаласының, Зеленов және Тасқала аудандарының ведомствалық мекемелерін аралаумен жалғасты. Соның ішінде, «СПК» АО НИК, Зеленов аудандық «Коммунальник» ҚКШ, «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурсты орталығы» КММ, Тасқала аудандық «Сәулет» мектеп-гимназиясы, және т.б. мекемелер. А.Шаимованың аталған мекемелердің басшыларымен жеке кездесуі қызметтің бағыты мен ерекшелігін және қаржыландыру құрылымын түсінуге мүмкіндік берді.

Бұдан бөлек, облыстық мәслихаттың үлкен залында мемлекеттік органдардың басшылары, персоналды басқару қызметінің өкілдері және мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кездесу өткізілді. Шарада мемлекеттік қызметшілерге ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізудің тәсілдері түсіндіріліп, бонустар мөлшеріне тікелей әсер ететін жеке жұмыс жоспарындағы түйінді нысаналы индикаторларды дұрыс анықтаудың маңыздылығы аталып өтілді.

Агенттік төрағасы орынбасарының жұмыс сапары кіші залда жалғасты. Ол ведомствалық мекемелері бар мемлекеттік органдардың басшыларымен сындарлы әңгімелесу өткізді. Әр басшымен әңгімелесу кезінде бюджетке түсетін жүктемені азайтуға және ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береті бизнес-процесстерді оңтайландыру мен автоматтандыру, жекелеген функцияларды бәсекелестік ортаға беру немесе оларды топтастыру мәселелері талқыланды.

0
0
519

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметшінің кәсібилілігі мен нәтижелілігі–халыққа қызмет етудің тиімділігінің кепілі - Yvision.kz