Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Транспарентті және есеп беретін мемлекет» атты бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ

Бекітемін

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы,

әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы

__________________________Б.А.Исақов

«Транспарентті және есеп беретін мемлекет» атты

бейнероликтер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Бейнероликтер байқауы (әрі қарай – Байқау) туралы Ереже «Транспарентті және есеп беруші мемлекет» атты бейнероликтер байқауының міндеттері мен өткізу тәртібін регламенттейді.

Конкурсты ұйымдастырушы: «Астана Рухани Жаңғыру» жауапкершілігі шектелуі серіктестігі ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің тапсырысымен.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

1. Қоғамның ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешуде Қазақстанның жетістіктерін көрсету; мектептерде жоғары адамгершілік, жауапты, бастамашылық және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау;

2. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру; құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және жандандыру, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарына жұртшылықтың назарын аудару.

БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

1. Ой-өрісін кеңейту, байқағыштықты, эстетикалық талғамды, қойылған міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту;

2. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қызметін ынталандыру.

БАЙҚАУДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Байқауға жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары қатысады.

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

1. Байқау материалдарын мен өтінімдер – 01.10.2018 ж. дейін қабылданады;

2. Қорытынды шығару – 10.10.2018 ж. дейін.

БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ

1.Байқауға қатысу үшін байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сай келетін бейнеролик дайындау қажет; 2.Конкурсқа ұсынылған тақырып бойынша авторлық жұмыстар қабылданады, конкурсқа қатысушыға жатпайтын жұмыстарды пайдалануға тыйым салынады; 3.Байқаудың қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде төмендегілерді ескереді:

- бейнероликтің байқау тақырыбына сәйкестігі; - шығармашылық жаңашылдық;

- бірегейлігі;

- дыбыстық сүйемелдеудің болуы, бейне әсерлері;

- жалпы эмоциялық қабылдау.

4. Байқауға қатысушы жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына осы жұмысты конкурсқа жіберген автор жауап береді. 5.Өз жұмысын байқауға арнаған автор конкурсты ұйымдастырушыларға жіберілген материалдарды (интернет желісінде, телебағдарламаларда орналастыру, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.) пайдалануға автоматты түрде құқық береді.

6.Қатысушылар өтінімдер мен бейнероликтерді 2018 жылғы 26 қыркүйекке дейін «ҰЙЫМНЫҢ АТАУЫ»тақырыппен ұсынуы тиіс:

Т.А.Ж.

Туған жылы

Оқу орны

Бейнероликтің атауы

Байланыс телефоны

КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. Бейне файлдарға қойылатын талаптар: ұзақтығы 2,5 минуттан артық емес, сапасы 360 px төмен емес, MPEG4, FullHD, AVI бейне форматы.

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

1. Байқаудың қорытындысын шығаруды қазылар алқасы жүзеге асырады. Жеңімпаздаранықталады (1,2,3 орын).

2. Байқаужеңімпаздарыграмоталарменжәнеестеліксыйлықтарменмарапатталады.

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨТІНІМДЕРІ МЕН ЖҰМЫСТАРЫ МЫНА МЕКЕН-ЖАЙ БОЙЫНША БЕРІЛЕДІ:

БҚО, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201-үй, 3 қабат, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті (сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы) немесе [email protected] электронды поштасы арқылы.

1
0
5815

Осы тақырып бойынша

«Транспарентті және есеп беретін мемлекет» атты бейнероликтер байқауының ЕРЕЖЕСІ - Yvision.kz