ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі инвесторларды қорғауды уәкілетті органдармен талқылады

2020 жылдың 12 ақпанында БҚО Кәсіпкерлер палатасында Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И. Самет БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Т. Ибраимов, «KAZAKH INVEST» ҰК филиалының директоры Н.С. Өтепбаев және «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы Д.А. Жанибековтермен жұмыс жағдайында кездесу өткізді.

Н.И. Самет «Protecting Business and Investments» жобасының іске асырылу барысы туралы ақпараттандырып, әріптестерін инвесторлардың жобаға қосылуына ықпал етуге шақырды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша «Сатып алудың бірыңғай терезесін» пайдалану, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуі, сондай-ақ осы бағыттағы қаржылық қолдау мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, «Protecting Business and Investments» жобасының мақсаты инвесторларды тек кәсіпкерлік қызмет аясында ғана емес, сондай-ақ инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде күнделікті өмірде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау және аймақтағы инвестициялық бизнес-ахуалды жақсарту болып табылады.

Жоба Агенттік пен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК филиалының, «AQJAIYQ» ӘКК басшылары бірлесе қызмет атқаруға дайын екендерін мәлімдеді.

БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Т. Ибраимов Палата базасында іс-шараларды ұйымдастыру кезінде «Protecting Business and Investments» жобасын қосымша таныстыруды ұсынды.